Голландия - Қазақстан. Ойын соңынан

12.10.2014, 07:24
Голландия - Қазақстан. Ойын соңынан
10702214_743482059058418_4556356411854658450_nМатч аяқталысымен Голландия құрамасының көптеген футболшылары киім ауыстыратын бөлмелерінен жылдам шыға қоймады. Оларды ұзақ күткен жанкүйерлер мен журналистер 20 минуттан астам уақыт күтіп, құраманың автобусының маңынан тарқап кетті. Осы арада мен де кетуге қамданып, "АЯКС" стадионы "Амстердам-Аренадан" шығып келе жатқан едім. Алдымнан атақты бапкер Гус Хиддинк шыға келді. Осы матчта ол Хунтеларды алаңға шығарып, матч барысына тамаша өзгеріс енгізді. Хиддинктің бұған дейін де төрешілермен тамаша тіл табыса алатындығын естігенмін. Мысалы, Оңтүстік Корея құрамасын баптап тұрғанда олардың жартылай финалға қалай жеткенін білесіздер. Кейіндері да бұл бапкер түрлі ірі жарыстарда әртүрлі командаларды алға жетеледі. Футбол әлемінде оны ең сәтті бапкер деп санайды. Ол кісі Ресей футболын дамытуға зор үлес қосқан жаттықтырушы болып саналады. Көптеген әлемнің мықты футболшыларын тәрбиелеп шығарды. Әлем чемпионатында бас бапкер Ван Гал еді. Және оның көмекшісі болып Патрик Клюйверт қызмет етті. Ал қазір Хиддинктің көмекшісі болып тағы бір Голландия футболындағы атақты шабуылшы қызмет етіп жүр. Ол - Рууд Ван Нистелрой. "Манчестер Юнайтед" командасының сапында Ағылшын премьер-лигасында, Чемпиондар лигасында да өте көп гол соғып, сұрмергендігімен көрінген болатын.  Голландия футбол федерациясының бір ерекшелігі бұл құраманың басы-қасында тек өз елінің өкілдері ғана қызмет атқарады екен. Және атақты футболшылардан жақсы бапкер шығаруды қолға алған. Атақты Хиддинк пен Ван Гаалдардың ақылын қазіргі буын алып қалсын деген ой толықтай жақсы үрдіспен жүріп жатыр. Ал мен секілді "МЮдің" тұрақты жанкүйері үшін Нистелрой секілді футболшы қашанда болса да, таптырмайтын тұлға болып саналады. Сондықтан да, "МЮдің" қазіргі жағдайына әлі де болса алаңдайтын Ван Нистелроймен бір селфи-фото жасап жібердік те. 10689752_743481969058427_2914269840486367605_n Амстердамға келіп тұрып, Мадам Тюссо музейіне кірмей кету күнә болар еді. Ол дегеніміз Парижге барып Эйфил мұнарасын, Риоға барып Коркадава тауына шықпай кетумен тең нәрсе. Атақты музейде мен қызықтырған тұлғалардың ішінде бірнеше футболшы табылды. Олардың қатарында алдымен Роналдиньо, Бекхэм, Месси, Ван Дер Варт. IMG_3414 IMG_3428 IMG_3396 IMG_3410  

Айтпақшы, ұмытып барады екенмін, осы матчқа Амстердамда тұратын қазақ ағайындары да келді. Түркиядан көшіп келген қазақтар көк туды желбіретіп, Қазақстанға жанкүйер болды.

IMG_3529

Ермұхамед МӘУЛЕН

Амстердам, Нидерланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×