«Гранаткин» масқарасын, «Достастық» кубогы жуып шаймақ

10.01.2015, 02:31
«Гранаткин» масқарасын, «Достастық» кубогы жуып шаймақ

m16_152015-жылдың алғашқы айында қазақстандық футболсүйер қауымға қызықты болатын бір жарыс бар. Ол «Достастық» кубогі. Дәстүрге айналған жарыс биыл Ресей Федерациясының мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында өтеді. Биыл Қазақстан жастар құрама командасын бұл турнирге бірінші рет бір бапкер екі мәрте қатарынан алып бара жатыр. Ол – Саулиюс Ширмялис.  Осыған дейін жыл сайын бізде бапкер ауысатын. Крчмаревич, Боровский, секілді мамандардан тізгінді алған литвалық маманға сенім көп. Жалпы, осы арада оқырманға бұрын-соңды бұл турнирде Қазақстан жастар құрамасы қалай өнер көрсеткенін сараптап өтсек.

Таланттар ашқан турнир

хижни«Достастық кубогы» ел чемпиондарының емес мемлекеттің жастар ұлттық құрамалары арасында өтетін болып шешілді. Осыған орай біздің жастар құрамамызды сербиялық маман Слободан Крчмаревич жасақтады. «А» тобына түскен отандастарымыз алғашқы ойынды жарыс қожайындарына қарсы өткізді. Ресейліктер 90 минутта тек бір ғана гол соғып, 3-ұпайды еншілеп кетті. Одан кейінгі матчта Крчмаревич шікірттері Түркменстан құрамасын 3-1 есебімен жеңді. Бірақ, матчтың 22-минутында есепті түрмендер ашқан болатын. Екінші таймның ортасына тақаған сәтте Лисенков тоблодағы көрсеткішті теңестірген еді. Одан кейін, Асхат Тағыбергеннің орнына алаңға шыққан Алексей Щеткин екі доп соғып, қоржынымызға 3 ұпай салды. Айта кететін болсақ, Алексей сол ойынның үздік футболшысы атанды.

Осы ойыннан кейін сенімділік алған Слободан Крчмаревичтің командасы Эстонияны да тура 3-1 есебімен жеңді. Бірақ, бұл ойында басымдылық толықтай біздің жігіттердің қолында болды. Матч бастала сала Хижниченко есепті ашса, бірінші тайм аяқталар тұста Щеткин есепті еселей түсті. Ал үшінші гол Тағыбергеннің еншісінде.

Топта, екінші орын алған Қазақстан ширек финалда Белорусь құрамасымен кездесті. Бауыржан Жолшиев есепті ашып, жігіттер алға шыққаны сол еді, қарсыластар үш бірдей гол ұрып, еңсемізді түсіріп тастады. Ал матч соңында Евгений Горячий соққан екінші добымыз, ойын соңында тек тең ойынға үміт сыйлаған. Дегенмен, әдеттегідей, уақыт жетіспеді.

5-8 орындарға жүргізілген талас бәсекесінде Қазақстан жастары литвалық құрдастарымен күш сынасты. Кездесу тағдыры ойын соңынан кейінгі пенальти сериясында шешілді. Біздің командадан Сергей Хижниченко допты дәл қақпашыға тепті. Жеңіліс тапқан отандастарымыз 7-орынға Молдова құрамасымен таласты. Бұл ойында да жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды. Бұл жолы жігіттерге сәттілік жолдас болды. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы 2012-жылғы «Достастық» кубогінде 7-орынға табан тіреді. Ал жалпы жарысты Ресей құрамасы жеңді.

Қазақстан құрамасының алғашқы матчтағы ойыншылар құрамы.

Россия - Қазақстан 1:0 (1:0)

Ресей: Зайцев, Ходырев, Бурнаш, Чичерин (к), Жестоков, Померко, Васильев, Махмудов (Байрамян, 46), Буданов (Делькин, 75), Заболотный (Войнов, 87), Кузьмичев (Бибилов, 64)

Қазақстан: Ткачук, Даутов (к), Қуат (Азаматов, 75), Тағыберген, Исламхан (Лёвин, 69), Хижниченко (Ахметов, 67), Прокопенко (Щеткин, 34), Бейсебеков, Горячий, Лисенков (Жолшиев, 63), Шомко (Күнов, 63)

 

Бір актердің театры

исла2013-жылы «Достастық» кубогіне Қазақстан құрамасын белоруссиялық маман Сергей Боровский жасақтап апарды. Ойыншылар құрамында қатарынан екінші мәрте бұл жарысқа келіп тұрған тәжірибиесі бар футболшылар болды.

Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер»), Станислав Павлов («Ақтөбе»)

ҚорғаушыларБақдәулет Қожабаев («Ордабасы»), Игорь Пикалкин («Шахтер»), Сергей Григорьев («Оқжетпес»), Саят Сариев («Жетісу»), Кирилл Пасичник («Актөбе»), Мақсат Әмірханов («Тараз»)

ЖартылайқорғаушыларИсламбек Куат («Астана»), Әлібек Аяғанов («Ертіс»), Эльвин Аллаяров («Ертіс»), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Евгений Левин («Ордабасы»), Александр Ульшин («Оқжетпес»)

ШабуылшыларБауржан Исламхан («Тараз»), Станислав Лунин («Шахтер»), Тимур Қалижанов («Ақтөбе»), Роман Мұртазаев («Шахтер»).

Алғашқы матчта қазақтар қырғыз бауырларымен ойнады. Ойын күнтізбесінің сәтті болғандығының арқасында отандастарымыз турнирді жеңіспен бастады. Бұл матчта Лунин, Исламхан, Мұртазаевтар бір бір голдан соқты. Қазақстан жастары өздерінің сүйікті есебі 3-1-мен тағы да жеңіске жетті. «В» тобындағы екінші қарсыласымыз Өзбекстан құрамасы болды. Бұл ойын көптеген жанкүйерлердің есінде қалды. Мінезді қарсылас 1-0 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде өзбектер бізден биік тұрды. Іріктеудегі соңғы матчта жерлестеріміз жарыс қожайындарына қарсы шықты. Бұл матчта Бауыржан Исламхан өзін толықтай аша білді. Бірақ, алаң иелерінің екі шабуылының бірі голға айналып жатты. Есеп 7-3. Өз тобында 3-ұпаймен 3-орында қалған Боровский командасы, бәрібір де плэй-офқа жолдама алды. Өйткені, біздің команда үшінші орын алған құрамалар ішінде ұпайы мен голдар айырмасы жағынан жақсы еді.

Ширек финалда жастарымыз тағы да Белорусь құрамасына тап болды. 2:1 есебімен жол берген соң, U-21 құрамамыз 5-8 орындар үшін өткен ойында Өзбекстан құрамасынан кеткен есені қайтарып алды. Есеп 3-2. Бұл матчта да ойынның үздігі болып Бауыржан Исламхан танылды. Жалпы, Боровский командасының ойын мәнері негізінен ортадағы осы ойыншыға қатты байланысты еді. Бір актердің театры деп те айтып қалғандар кездесіп жатты.

Ал құрамамыз турнирде 5-орын үшін таласып, Молдовадан 1-0 есебімен жеңіліп қалды. 2012-жылы 7-орын алсақ, 2013-жылы 6-болдық.  Ал жалпы жарысты Ресей құрамасы жеңді.

 Арифметикалық прогрессия

муртазаев2014-жылы Қазақстан жастар құрамасының тізгінін литвалық маман Саулиюс Ширмялис ұстады. «Достастық» кубогінде командамыз «С» тобына түсіп, Латвия, Белорусь және Мәскеу облысының командаларымен қарсылас атанды. Алғашқы ойында отандастарымыз Белорусь құрамасына 4-1 есебімен айқын жеңілді. Жалғыз голды тағы сол Бауыржан Исламхан соқты. Ол осы турнирге үшінші мәрте қатысып тұрған еді. Және Исламханның осы голы Достастық кубогіндегі футболшының үшінші соққан голы болды. Екінші матчта Мәскеу облысының командасына отандастарымыз жауапсыз екі гол салды. Гол авторлары Тоқтар Жаңғылышбай мен Роман Мұртазаев. Айта кетуі керек сонымен қатар, команда шабуыл өтінде тағы бір «Шахтер» ойыншысы Виталий Ли ойнады. Жалпы Ширмялис шабуылды «Шахтер» ойыншыларын жасақтады. Ал үшінші ең маңызды ойында Қазақстан Латвияны жеңуі тиіс болатын. Бірақ, ол ойында есеп сол күйі ашылмады. Топта үшінші орын алған Қазақстан жастары десе де, 4-ұпаймен плэй офқа жолдама алды. Ширек финалда турнир фавориті Ресей құрамасы 3:1 есебімен Ширмялис командасынан басым түсті. Одан кейін әдет бойынша, дәстүрден таймай құрамамыз 5-8 орындарға таласты. Онда олар Латвиямен қарсылас атанып, оларды 3:1 есебімен жеңді. 5-орын үшін болған матчта Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербург жастар құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойында да кезекті голын соққан Роман Мұртазаев жалпы 5-голменен турнирдің үздік бомбардирі атанды.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы 2014-жылғы «Достастық» кубогінде 5-орынды иеленді. Өздеріңіз байқағандай, әр жыл сайын Қазақстан құрамасы бір сатыға көтеріліп келеді. Егер арифметикалық прогрессия заңына сүйенетін болсақ онда биыл 2015-жылғы додада Ширмялис командасы 4-орын алуы тиіс.

 

2015-жылғы Достастық кубогінің күнтізбесі мен кестесі

«С» - тобы. ОАР, Литва, Тәжікістан, Қазақстан.

17-қаңтар

14:15 Тәжікістан – Қазақстан

18-қаңтар

14:15 Қазақстан– Литва

20-қаңтар

12:00 ОАР – Қазақстан

  2015-жылғы Достастық кубогіне қатысатын Қазақстан жастар құрамасының футболшілар тізімі Қақпашылар: – Станислав Павлов ((«Ақтөбе»), Андрей Неупокоев (“Ақжайық”), Владимир Грошев (“Қайрат”), Қорғаушылар: – Григорий Сартаков (“Ертіс”), Темирлан Әділханов (“Жетісу”), Рафкат Аслан (“Тобыл”), Тимур Рудосельский (“Қайрат”), Берік Шаихов (“Астана”), Дмитрий Рыбалко (“Оқжетпес”), Ислам Шадукаев (“Бәйтерек”), Павел Халезов (“Астана”), Жартылайқорғаушылар: – Магамед Узденов (“Ақжайық”), Еркебулан Түңғышбаев (“Ордабасы”), Рауль Джалилов (“Тобыл”), Антон Куксин (“Оқжетпес”), Алексей Родионов (“Атырау”), Ринат Хайруллин (“Астана”), Иван Антипов (“Ақжайық”), Мирас Төлеев (“Каспий”), Шабуылшылар: – Абат Айымбетов ((«Ақтөбе»), Рауан Сариев (“Ордабасы”), Әлішер Сулей (“Ертіс”), Максим Федин (“Бәйтерек”).

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×