Гус Хиддинк жолы болғыш бапкер екендігін тағы дәлелдеі

11.10.2014, 12:27
Гус Хиддинк жолы болғыш бапкер екендігін тағы дәлелдеі
IMG_3851Қазақстан құрама командасы 3-1 есебімен Голландия құрамасына жеңілді. Бірақ, матч барысында біздің жерлестеріміз есепте алға шығып тұрды. Жалпы, бірінші таймның жеңімпазы болды. Міне, осындай бірнеше фактілер құрамамыз үшін ақталуға тұрарлық дүниелер. Қазақстан құрама командасы бірінші таймды 1-0 есебімен жеңіп аяқтайды дегенге ойынның басында сену тіпті мүмкін емес еді. Ал Ренат Абдулин есепті ашқаннан соң алаң иелерінің әрбір шабуылын әзер шығарып салып отырдық. Бірінші таймды әупірімдеп шыдадық та, үзіліске кеттік. Демалысты жақсы пайдаланып алған қазақстандықтар 62-минутқа дейін шыдас берді. Гус Хиддинк Хунтеларды шығарғаны сол-ақ еді, "Шалькенің" шабуылшысы баспен гол соқты. Бұл матчтағы ең маңызды гол екен. Оны кейін білдік. Егер де Класс Ян Хунтелар мүмкіндікті мүлт жібергенде, отандастарымыз он минут тағы шыдас бергенде - онда футболдағы әдеткі жағдай орын алар еді. Ол - алаң иелерінің есепті теңестіру үшін минут өткен сайынғы асығыстығы. Асыққан шайтанның ісі болып, аптығып ала шыққанда біздің бапкердің тактикасының құрбаны на айналар ма еді. IMG_3853 Голландияның жергілікті адамдары болып кеткен, кіндік қаны Амстердамда тамған бірнеше қазақ азаматтары Афеллай "қызғалдақтарды" алға шығарғанда әбден күйініп кетті. Ойынның ырқы қолымыздан кете бастаған тұсы осы болды. Оның үстіне Бауыржан Жолшиев те болмашы жерде қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Чехияға қарсы матчта керек футболшы еді. Әттең! Словениялық төреші Матей ЮГ алаң иелеріне бүйрегі бұрғанын жасырмаймыз. Матч соңында ойланып тұрып қолын нүктеге бағыттай салды. Ван Персиге қарсы ойын тәртібі тіпті бұзылмап еді. Ағылшын премьер-лигасында Робинді екі айналдырып түсіріп жатса да, барлығы футболдың қалыптасқан тәртібі аясында болушы еді. Бұл тұста төреші анық қателесті. Бір футболшымыз алаңнан қуылды, бір пенальти белгіленді, Хунтелар стандарттан гол соқты. Міне, Голландияның бізгеқарсы ойында қалай жеңіске жеткені. Амал жоқ, ең болмаса 1 ұпай да жаман болмас еді. Дегенмен, алдымызда ойын бар. Астанада Чехияны қабылдаймыз. олар болса, сыртта түріктерді ұтыпты.

IMG_3854Ермұхамед МӘУЛЕН

АМСТЕРДАМ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×