Хамит Жозенiң жанынан табылды

26.05.2011, 19:39
 Хамит Жозенiң жанынан табылды
Түркия ұлттық құрамасының һәм немiстiң “Бавария” футбол клубының белдi ойыншысы Хамит Алтынтоп корольдiк клубқа ауысты. Испанияның “Реалымен” 4 жылдық келiсiмшартқа қол қойған Хамит ендi Жозенiң жанында жүретiн болады. “Бавариямен” келiсiмi аяқталған Алтынтопты алу үшiн “реалдықтар” шығынданған жоқ. Хамиттiң жылнамасына жазылған жайдың бiр үзiгiнiң бiздiң елмен байланысы бар. Оның Түркия-Қазақстан матчындағы керемет голы сол жылдың ең үздiк голы саналған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×