Хави алып-қашпа сөзге нүкте қойды

21.01.2014, 20:09
Хави алып-қашпа сөзге нүкте қойды

Бүгін интернет беттерінде каталондық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Хави Эрнандес Бразилияда өтетін Әлем чемпионатынан кейін "Нью-Йорк Ред Буллз" командасына ауысады деген ақпарат тараған болатын. Алайда футболшы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. - "Нью-Йорк Ред Буллз" командасынан маған ешқандай ұсыныс пен қызығушылық келіп түскен жоқ. Мен Нью-Йорк туралы ештеңе де білмеймін, тек қазір суық болып жатқанын ғана естідім. Тьери Анри хабарласып шақырды деген жалған сөз. Біз сөйлескен жоқпыз. Менде оның телефон нөмірі де жоқ» - деді Испания құрамасының футболшысы. Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×