Хави: "Келісім-шартты ұзартуға да болатын еді, бірақ кетуді шештім"
22.05.2015, 02:05
Бұл маусым 17 жылын "Барселонада" өткізген Хави үшін соңғы екенін мәлімдеген едік. Жазда 35 жасар хавбек Қатарға аттанады. Тілшілерге берген сұхбатында клуб тарапынан келісім-шартты ұзартуға ұсыныс болғанымен, бас тартқанын мойындады. "Блаугрананың" түлегі кететін уақыт келді деп шешкен екен.
"Менің қалуыма да болатын еді. Ешкім қарсы емес. Бірақ, мен қиын болса да дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Дәл қазір кетудің орайы туып тұр. Жасым 35-те. Жастарға да мүмкіндік беру керек. Маусым біз үшін тамаша. Премьераны жеңіп алдық, Чемпиондар Лигасының финалына шықты. Басқа не армандауға болады?"