Хосеп Гвардиола тізімге енбейтіндей не көрінді?

08.08.2020, 03:28
Гвардиола бар күшті Чемпиондар Лигасына салатын болады.
Хосеп Гвардиола тізімге енбейтіндей не көрінді?

Англия Премьер-лигасы өзінің ресми сайтында АПЛ-дегі ең үздік жаттықтырушы атағына үміткерлердің тізімін жариялады.

"Манчестер Сити" турнир кестесінде екінші орын алған болатын. Бірақ Хосеп Гвардиола марапатқа үміткерлер арасында орын таба алмады.

Тізімде төрт маман бар: Юрген Клопп ("Ливерпуль"), Фрэнк Лэмпард ("Челси"), Брендан Роджерс ("Лестер Сити"), Крис Уайлдер ("Шеффилд Юнайтед").

Клопп «Ливерпульмен» 30 жыл ішіндегі алғашқы титулға қол жеткізді. Сонымен қатар команда 38 турда 99 ұпай жинап, клуб рекордын орнатты. Өткен жазда «Челсиді» өз қолына алған Лэмпард алғашқы маусымда өз командасын Чемпиондар лигасына шығарды, Премьер-Лиганы төртінші орынмен аяқтады. "Лестер" Роджерс жетекшілігімен ұзақ уақыт бойы үздік 4-те жүрді, бірақ соңында бесінші сатыға түсіп қалды. Ал Крис Уайлдер баптайтын "Шеффилд" бір жыл бұрын Премьер-лигаға шыққанына қарамастан, бірден тоғызыншы орынға көтеріліп, АПЛ-де келесі маусымда да өнер көрсететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×