ХОСЕПКЕ ҚОШЕМЕТ

11.01.2012, 21:53
ХОСЕПКЕ ҚОШЕМЕТ
Каталондық “Барселона” клубының бас бапкерi Хосеп Гвардиола өткен жылдың ең үздiк бапкерi атанды. Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясының (IFFHS) хабарлауынша, 80 елден қатысқан футбол мамандары Хосепке 201 дауыс берiптi. Екiншi орында мадридтiк “Реалдың” бас бапкерi Жозе Моуринью тұр. 2010 жылдың үздiк бапкерi атанған Жозе бұл жолы 112 ұпай жинапты. “Манчестер Юнайтедтi” ширек ғасыр баптап жүрiп самайына ақ кiргiзген сэр Алекс Фергюсон 107 ұпаймен үшiншi сатыға жайғасыпты. “Челсидiң” бас бапкерi Андре Виллаш Боаш (78 ұпай) – төртiншi, “Манчестер Ситидi” баптайтын Роберто Манчини 45 ұпаймен бестiктi түйiндептi. Жылдың үздiк бапкерi атағын федерация 1996 жылдан берi үздiксiз үлестiрiп келедi. "Жас алаш"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×