ҚАҚПАШЫҒА ҚАТЕР ТӨНДI

11.01.2012, 21:29
ҚАҚПАШЫҒА ҚАТЕР ТӨНДI

Мексика ұлттық құрамасының қақпашысы Омар Ортистiң басына қауiп бұлты үйiрiлiп тұр. Жуырда оны жергiлiктi полиция “қылмыстық топпен қатысы бар” деген күдiкпен қамауға алғанын хабарлайды РИА новости агенттiгi.
35 жастағы Ортис кәсiби футболды 1997 жылы Монтеррей қаласының қала аттас клубында бастаған. Одан кейiн мексикалық “Чьяпас”, “Некакса”, “Атланта” клубтарына мүше болды. Қақпашының басы бәлеге алғаш шатылып отырған жоқ. 2010 жылы допингке қарсы екi мәрте тексеруден кейiн оны екi жылға футболдан шеттетуге үкiм шығарған болатын.
Қақпашылар жайлы сөз қозғаған соң айта кетейiк. Жақында Англия премьер-лигасының 20-турында қызық оқиға болды. “Эвертон” өз алаңында “Болтонды” қабылдаған. Осы ойында “Эвертонның” қақпашысы Тим Ховард айып добын теуiп, гол соқты. Бұлай болады деп ешкiм ойламаған. Қашықтан әуелеп жеткен доп қарсы команда қақпасына жақын қалғанда, жерге тиiп қайта серпiледi де, қақпадан бiр-ақ табылады.
Ховард өзiнiң есiмiн Англия футболында гол соққан төртiншi қақпашы ретiнде қалдырды. Бұған дейiн ағылшын премьер-лигасында қақпашылар Петер Шмейхель, Пол Робинсон мен Брэд Фридель еншiсiне гол жазған-ды.
Алайда Тимнiң соққан голы командасына қол болмады. “Болтон” ойыншылары 2:1 есебiмен жеңiске жеттi.

"Жас алаш"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
КЕНШIЛЕРДIҢ КӨҢIЛI ТОҚ
Келесі жаңалық
ХОСЕПКЕ ҚОШЕМЕТ
Серіктес жаңалықтары
×