"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович жақын арада Швеция құрамасына оралады, деп хабарлайды FotbollDirekt.
Дереккөздің хабарлауынша, форвард Швеция құрамасының орналасқан жеріне наурыз айының соңында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу матчтарына шақыртылады. Швеция құрамасы 25 наурызда Грузия құрамасымен кездеседі.
Ибрагимович Швеция құрамасына 2001 жылдан 2016 жылға дейін шақыртылды. Шабуылшы 116 кездесуге қатысып, 62 гол соқты. Ол Швеция тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Осы маусымда Ибрагимович А сериясының 14 матчына қатысып, 14 гол соқты. "Милан" 25 матчта 53 ұпай жинап Италия чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET