Футзалдан әлемнің ең үздік қақпашысы Vesti.kz спорт порталының тілшісіне берген сұхбатында 36 жастағы отандасының өнерін жоғары бағалады. Ол сондай-ақ Вагнер Лавқа әрқашан көмектесуге, қолдау білдіруге дайын екенін айтты.
– Вагнер – жоғары деңгейлі ойыншы. Шеберлігі мен мол тәжірибесі «Қайрат» футбол клубына көп көмегін тигізеді. Кейінгі кезде Бразилия чемпионатында жақсы ойнағанын білемін. Сондықтан футболшының жасына қарамау керек. Айтпақшы, бұл көпшілік күтпеген трансфер болды. Бразилияда Вагнерді бәрі ЦСКА-ға ауысады деп ойлады. Ал ол «Қайратты» таңдады. Мен отандасыма әрқашан қолдау білдіруге, оның Қазақстанға тез бейімделуіне көмектесуге дайынмын. Вагнер Лавтың жаңа командасының сапында көп гол соғатынына кепілдік бере алмаймын, бірақ жақсы формада болатынына және өзінің мықтылығын дәлелдейтініне толықтай сенемін, – деді Игита.
Айта кетейік, 36 жастағы бразилиялық шабуылшы жуырда алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншысы атанған болатын. Футболшы жақын арада команда сапына қосылып, жаттығу жұмыстарына кіріседі.
https://aikyn.kz/igita-vagnerding-qajratqa-awyswy-kuetpegen-zhangalyq-boldy/
Біздің серіктес: FONBET