Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Беларусьпен болатын матч туралы пікірімен бөлісті және жарақаттан кейінгі жағдайы туралы айтты:
– Оқу-жаттығу процесі жоспарлы түрде жүріп жатыр. Оны жаттықтырушылар құрамы өте жақсы ойластырған. Қарқын өте жоғары, әр жаттығу күреске толы, өйткені белорустар мығым команда. Менің ойымша, біз бұл матчты жақсы өткіземіз. Әрине, әлі де алаңдаушылық бар, өйткені біз Беларусь құрамасын бұған дейін жеңбегенбіз. Енді қалай болатынын көреміз.
Біз барлық жігіттермен достық қарым-қатынастамыз. Атмосфера керемет. Мен бұл уақытттың мүмкіндігінше ұзаққа созылғанын қалаймын.
Менің жарақатым? Бұл жағымсыз жағдай болды, бірақ мен бәріне шыдап, дұрыс қабылдадым. Қазір бәрі жақсы.
Статистика жанкүйерлер мен журналистер үшін маңызды. Мен өз жұмысымды жақсы орындауға тырысамын. Менімен жоғары сапалы маман жұмыс істейді, Валерий Леонидович Ситалоға рахмет! Соның арқасында осындай нәтиже тіркелуде.
Қолдау біз үшін өте маңызды. Бүкіл стадион толы болғанын және біздің жеңіске жеткенімізді қалаймын.
Біздің серіктес: FONBET