Лионель Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

19.09.2022, 15:48
Мессидің «Лионға» соққан голы командасына жеңіс сыйлады.
Лионель Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

ПСЖ-ның аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Франция чемпионатының 8-ші турында «Лионмен» болған ойында (1:0) өзінің мансабындағы 672-ші голын соқты (пенальтиді есепке алмағанда).

Аргентиналық шабуылшы бұл көрсеткіш бойынша 671 гол соққан «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты.

Месси ПСЖ сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Оның клубпен келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген.

Осы маусымда аргентиналық шабуылшы ПСЖ үшін 10 ойынға қатысып, 5 гол соқты, 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×