«Арсенал» футболшысы АПЛ рекордын жаңартты

19.09.2022, 01:32
Футболшы 15 жасында ресми ойынға қатысты.
«Арсенал» футболшысы АПЛ рекордын жаңартты

Ағылшын Премьер-лигасының 8-туры аясындағы ойында «Брентфорд» өз алаңында Лондонның «Арсеналын» қабылдады. Кездесу «Брентфорд Коммьюнити» стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.

Кездесу соңында алаңға «Арсеналдың» 15 жасар футболшысы Этан Нванери шықты. Осылайша, жартылай қорғаушы Ағылшын Премьер-лигасы тарихындағы ең жас (15 жас, 181 күн) ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекорд 16 жас 30 күнде дебют жасаған Харви Эллиотқа тиесілі еді.

«Арсенал» 18 ұпай жинап, Ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. Үздік үштікте «Манчестер Сити» (17) және «Тоттенхэм Хотспур» (17) бар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×