Чемпиондар лигасының финалы АҚШ-та өтуі мүмкін

19.09.2022, 00:50
Турнирдің финалын АҚШ-та өткізу УЕФА үшін қаржылық тұрғыдан тиімді болып отыр.
Чемпиондар лигасының финалы АҚШ-та өтуі мүмкін

Еуропадағы футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының финалын Америка Құрама Штаттарында өткізу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің айтуынша, турнирдің финалын АҚШ-та өткізу УЕФА үшін қаржылық тұрғыдан тиімді болып отыр. Америкалық промоутерлер де АҚШ-та жылдың басты ойынын өткізуге қарсы емес. Олар тіпті УЕФА-ға тиісті ұсыныс жасап та үлгерген.

Айта кетейік, футбол тарихында Чемпиондар лигасының финалы Еуропадан тыс жерде ешқашан өткізілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×