Абылайхан Жұмабек: «Беларусьпен болатын матчта тек жеңіс үшін ойнаймыз»

18.09.2022, 21:03
Жұмабек соңғы кездері «Тараз» сапында голдарды топырлатып салуда.
Абылайхан Жұмабек: «Беларусьпен болатын матчта тек жеңіс үшін ойнаймыз»

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың алдағы ойындарға дайындығы жайлы пікіріміен бөлісті:

- Көңіл-күйіміз керемет! Кеше кешкісін жиналған едік, бүгін бір жаттығу өткіздік. Ұлттық құрамадағы командаластырымызды сағынып қалыппыз. Бәрінің көңіл-күйі тамаша. Бүгінгі жаттығу жақсы өтті.

Әрдайым ұлттық құрамаға шақырту алып, осында ойнау туралы мотивация болады. Өткен циклдегі ойындарға қатыса алмадым, алдағы матчтарда алаңға шығамын деп үміттенемін.

Маусым айындағы ойындардан кейін чемпионатта жақсы өнер көрсеттік. Бұл жолы ұлттық құрамаға мүлдем басқа күшпен, ерекше талпыныспен келіп отырмын.

Өз алаңымызда Беларусьпен болатын матчта тек жеңіс үшін ойнаймыз және жанкүйерлерден үлкен қолдау күтеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×