Әзербайжан құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

19.09.2022, 18:21
Әзербайжан 25 қыркүйек күні өз алаңында Қазақстанмен кездеседі.
Әзербайжан құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

Әзeрбайжан құрамасының бас бапкері Джанни Де Бьязи УЕФА Ұлттар лигасында Словакия мен Қазақстанға қарсы өтетін шешуші матчтарға қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады.

22 қыркүйекте Әзербайжан сырт алаңда Словакиямен ойнаса, 25 қыркүйекте Бакуде Қазақстан құрамасын қабылдайды.

Команданың кеңейтілген тізіміне 26 ойыншы енді:

Қақпашылар: Салахат Агаев («Габала»), Эмиль Балаев («Сабаил»), Шахруддин Магомедалиев («Карабах»);

Қорғаушылар: Бадави Гусейнов, Бахлул Мустафазаде, Торал Байрамов, Аббас Гусейнов, Эльвин Джафаргулиев (бәрі – «Карабах»), Гисмат Алыев («Зиря»), Джалал Гусейнов («Шамахы»), Амин Сейдиев («Сабах»), Ходжат Хагверди («Трактор», Иран), Антон Кривоцюк («Висла» Плоцк, Польша);

Жартылай қорғаушылар: Ричард Алмейда, Филип Озобич (екеуі де – «Карабах»), Алексей Исаев, Эльвин Джамалов, Анатолий Нуриев (бәрі – «Сабах»), Эдди Исрафилов, Эмин Махмудов (екеуі де – «Нефтчи»), Озанджан Кекчю («Эйндховен», Нидерланды);

Шабуылшылар: Рамиль Шейдаев, Муса Гурбанлы (екеуі де – «Карабах»), Ренат Дадашов («Грассхоппер», Швейцария), Махир Эмрели («Динамо» Загреб, Хорватия), Рустам Ахмедзаде («Зиря»).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×