Қазақстан - Беларусь матчында аншлаг болады деп күтілуде

19.09.2022, 23:51
Қазірдің өзінде 25 мың билет сатылған екен.
Қазақстан - Беларусь матчында аншлаг болады деп күтілуде

Ұлттар лигасының бесінші туры аясында өтетін Қазақстан - Беларусь матчына қазірдің өзінде 25 мыңнан астам билет сатып алынды, деп хабарлайды pressball.by сайты.

«Астана Аренаның» жалпы сыйымдылығы 30 000 адамды құрайды. Билет құны – 1000 теңгеден 5000 теңгеге дейін.

Қазақстан – Беларусь матчы 22 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді және елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×