«Арсенал» «Ювентустың» жартылай қорғаушысына көз тікті

20.09.2022, 00:23
Италиялық футболшы былтыр Еуропа чемпионы атанған еді.
«Арсенал» «Ювентустың» жартылай қорғаушысына көз тікті

«Ювентустың» жартылай қорғаушысы Мануэль Локателли лондондық «Арсенал» клубының назарына ілікті. Бұл туралы Calciomercato басылымы хабарлады.

24 жастағы Локателли «Ювентусқа» 2021 жылдың жазында «Сассуоло» клубынан екі жылдық жалдау шарты бойынша қосылған еді. Содан бері туриндік команда үшін 49 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Локателли «Милан» сапында ойнаған. Ал футболдағы алғашқы қадамдарын «Аталантаның» академиясында жасады.

2021 жылы Локателли Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатын жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×