Хорватиялық «Хайдук» клубының бас бапкері Игор Тудор Еуропа Лигасы аясында «Шахтерге» қарсы қарымта кездесу алдында баспасөз-мәслихатын өткізді.
- Біз ертең тек жақсы ойынды күтеміз. Ел біріншілігіндегі соңғы кездесуде негізгі құрамның бірнеше ойыншылары алаңға шыққан жоқ. Сондықтан физикалық тұрғыдан дайынбыз. Сол себепті жақсы нәтижені күтеміз... Қарсыласымыздың стандартты жағдайларына дайындалдық, алғашқы кездесуде де бұдан қауіптененбіз. Ендігі толыққанды дайынбыз деп ойлаймын.
- Келесі кезеңге өтетініңізге сенімдісіз бе?
- Бұған жүз пайызға сенімдімін. Футболды аяқпен, баспен және шыдаммен ойнайды. Біз қарсыласқа қарағанда жақсы ойнаймыз, сондықтан келесі кезеңге өтуіміз керек.
- «Хайдук» немес «Шахтер» ойынында қандай өзгерістер болады?
- Бір апта бұрынғы кездесуге ұқсас болады.
-«Шахтер» сапынан кімді атап өтер едіңіз?
- Үш орталық қорғаушыны.
www.prosportkz.kz