Илкай Гюндоган мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

18.05.2022, 14:24
Футболшыға біраз клуб қызығушылық танытып отыр.
Илкай Гюндоган мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін.

Италиялық журналист Фабрицио Романоның айтуынша, 31 жастағы неміс ойыншысына «Барселона» мен лондондық «Арсенал» клубтары қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ Бундеслиганың кейбір клубтары жағдайды жіті бақылап отыр.

Гюндоган осы маусымда «Манчестер Сити» үшін Премьер-лигада 26 ойынға қатысып, 6 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.

Илкай Гюндоган «Манчестер Ситиге» 2016 жылдың 1 шілдесінде «Боруссия Дортмундтан» ауысып келді. Transfermarkt нұсқасы бойынша оның қазіргі құны 35 миллион еуроны құрайды.

Бұған дейін жартылай қорғаушының мансабын MLS-те, сондай-ақ Түркия чемпионатындағы клубтардың бірінде жалғастыруы мүмкін екені хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×