«Ювентус» үш ойыншымен толығуы мүмкін

18.05.2022, 02:44
Туриндік клуб тек ергін агенттерге көз тігіп отыр.
«Ювентус» үш ойыншымен толығуы мүмкін

«Ювентустың» жазғы трансферлік терезеде қатарға қосқысы келетін ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, туриндік клуб «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны, «Интердің» ойыншысы Иван Перишичті және ПСЖ шабуылшысы Анхель Ди Мариямен келісім-шарт жасасқысы келеді. Айта кетейік, үш футболшы да жазда еркін агент атанады.

Бұған дейін Погбаның «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шартты ұзартпай, «Ювентусқа» ауысатыны хабарланған болатын. Жартылай қорғаушы туриндік клуб сапында 2012-2016 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Осы маусымда ол манкуниандықтар үшін 27 матчта бір гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×