Иманды Өзил

18.03.2013, 00:04
Иманды Өзил
«Реал Мадрид» қатарында әдетте тамаша пастарымен таң қалдырып жүрген Месут Өзил, бұл жолы дұғаға жайған қолдарымен таң қалдырды.
Өткен апта испан лалигасында «Депортиво» командасына қонақ болған Реал Мадрид, ойынның алғашқы жартысында қарсыласынын 1-0 есебімен жеңіліп жатқан болатын. Баста ойынға қосалқы командасын шығарған Жозе Моуриньо, ойынның соңына қарай бірден үш футболшысын алмастырды. (Роналду, Кедира және Месут Өзил) Осы кезде ойынға кіргелі тұрған Өзил, алақанын жайып дұға оқыды. Бұл көрініске  баста испандықтар таң қалған болса, енді бүкіл дүние жүзінің  футбол сүйер қауымы  әңгіме қылып жатқан жайы бар.Футбол басылымдары Месуттың Германияда туып өсіп, неміс құрамасында ойнап жүрсе де өз дінін жоғалтпастан Түрік салт-дәстүрлерін мықты сақтағанын атап көрсетті. Ал  Месуттың өзі, футболға түрік және мұсылман болуының еш кедергі келтірмейтінін атап өтіп, «мен әр кездесуге шығарымда дұға оқимын» деп жауап берді. «Депортивоға» 1-0 есебімен жеңіліп тұрған «Реал Мадрид», бұл алмасулардан кейін кездесуді 1-2 есебімен жеңіспен аяқтады. Айтпақшы, танымал футболшылардың бірі Ибрагимович те  дұға етуімен көзге түсіп қалушы еді. Бекен Қонысов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×