Жозе Моуриньо: «Біздің қарсыласымыз Фатих Терім!»

18.03.2013, 00:02
Жозе Моуриньо: «Біздің қарсыласымыз Фатих Терім!»
Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының  ширек финалына  шыққан  8 комаданың арасында жеребе тартылған-ды. Нәтижесінде Мадридтің «Реалына» қарсылас болып түріктің «Галатасарайы» шыққан еді. Ал, «Реалдың» бас бапкері  «Галатасарайды»  қолайсыз қарсыластардың қатарына қосты.
Жозе Моуриньо жеребеден соң алғашқы мәлімдемесін де жасады. Ол «Галатасарайды»   әлсіз командалардың қатарына қосып жүрген баспасөз өкілдерін «футболдың иісі де  мұрындарына бармайтындар» деп  айтыптады. «Реал» үшін бұл жеребенің нәтижесі оңай болмады. Біздің қарсыласымыздың «Галатасарай» болғандығына қуанып жүргендердің мұрындарына  футболдың иісі де бармайды. Біздің қарсымызда  Дрогба, Снейдер, Селчук, Бурак және ең бастысы Фатих Терім бар» депті Жозе Моуриньо баспасөз өкілдеріне Жебе-ақпарат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
2-тур қорытындысы
Келесі жаңалық
Иманды Өзил
Серіктес жаңалықтары
×