Жастар құрамасы Түркияда жиын өткізеді

18.03.2013, 00:27
Жастар құрамасы Түркияда жиын өткізеді

"Кубаньдік" Бауыржан Исламхан мен "шахтерлік" Станислав Лунин өз клубтарында медициналық тексерістен өтіп, денсаулықтары дұрыс болған жағдайда ғана командаға шақырту алады.

Еуропа чемпионатының іріктеу додасына дайындық барысында аға бапкер Сергей Боровский бастаған Қазақстан жастар құрамасы (U-21) наурыздың 16-сы мен 26-сы аралығында Түркияның Сиде қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 

 Жиынға мына футболшылар шақырту алды: 

Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер» Қарағанды), Ярослав Бондаренко («Ордабасы» Шымкент), Стас Покатилов («Ақжайық» Орал) Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы» Шымкент), Сергей Григорьев («Оқжетпес» Көкшетау), Кирилл Пасичник («Астана»), Игорь Пикалкин («Астана») Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Илья Калинин («Қайрат» Алматы), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Бауыржан Байтана («Тобыл» Қостанай), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Кереку) Шабуылшылар: Әлібек Аяғанов («Ертіс» Кереку), Абзал Бейсебеков («Астана»)   Бауыржан Исламхан («Кубань» Краснодар, Ресей) мен Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды) өз клубтарында медициналық тексерістен өтіп, денсаулықтары дұрыс болған жағдайда ғана командаға шақырту алады. Жиын барысында аға бапкер жаңа футболшыларды да тексеріп көрмек. Сондай-ақ, резервтік тізімдегі ойыншылар да командаға шақыртылуы мүмкін. Резерв: Мақсат Әмірханов («Тараз»), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды), Шерхан Бауыржан («Тараз») Бапкерлер кеңесі: Сергей Боровский – аға жаттықтырушы, Қайрат Айманов – жаттықтырушының көмекшісі, Михаил Соловьев – жаттықтырушының көмекшісі, Игорь Кулиш – қақпашылар бапкері, Юрий Свидрицкий – дәрігер, Александр Белов – массажшы, Сергей Андрейко – менеджер. Жиын барысында екі жолдастық кездесу жоспарланған. 21 наурызда жастарымыз «Горняк» (Кривой Рог, Украина) клубымен, ал наурыздың 25-інде Норвегияның 2012 жылғы чемпионы «Мёльде» футбол клубымен кездеседі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Иманды Өзил
Серіктес жаңалықтары
×