Италиялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, "Интер Милан" клубтың атауы мен логотипін наурыз айында ауыстыруды жоспарлап отыр.
Football Italia La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, клуб "Football Club Internazionale Milano" атауынан "Inter Milano" атауына ауыстырылады. Мұның басты себебі клуб пен қала арасындағы ерекшелікті айқындау болып табылады. Сондай-ақ, логотип І және М әріптерінің айналасында жасалатын болады. Одан бөлек, алдағы айларда көбірек өзгерістер күтілетіні туралы айтылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ұлыбританиядағы халықаралық инвестициялық компаниялардың бірі "Интер" клубының үлесін сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр және клубтың тарихи демеушісі "Pireli" компаниясының орнына басқа компания демеушілік ететін болады.
Біздің серіктес: FONBET