«Интер» Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксенмен өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды миландық клубтың баспасөз қызметі.
«Интер» Эриксенге болашақта бар жақсылықты тілейді. Кристиан мәңгілік біздің жанұяның бір бөлігі болып қала береді. Әдемі сәттер, голдар мен жеңістер, Скудеттоны «Сан-Сиродан» тыс жерде жанкүйерлермен тойлау - мұның бәрі клуб тарихында қалады», - делінген «Интердің» ресми сайтындағы мәлімдемеде.
Естеріңізде болса, Эриксеннің Еуропа чемпионатында Финляндия құрамасымен болған матч кезінде жүрегі тоқтап қалған болатын. Осыдан кейін Эриксен кардиовертер-дефибриллятор құрылғысын пайдалануда. Бірақ Италияда мұндай құрылғылармен жұмыс істеуге қатаң түрде тыйым салынған. Осыған байланысты даниялық футболшы А сериясында өнер көрсете алмайды.
Біздің серіктес: FONBET