"Интер" Мартинесті сатып алмақшы

26.11.2013, 00:54
"Интер" Мартинесті сатып алмақшы
Міне, қысқы трансфер де жақындап қалды. Командалар қызу дайындық үстенде. Олай болса қысқы трансфер маусымында орын алу мүмкін трансферлерге назар аударсақ.Манкуниандық "МЮ" бразилиялық "Крузейро" командасының жартылайқорғаушысы Эвертон Ребейроға қызығушылық танытуда. "Қызыл сойқандар" 24-жасар Ребейроға 8 млн. еуро ұсынбақшы. Француздық "Осер" клубының жас таланты Поль-Норж Нтепке тұманды альбиондықтар таласуда. 21-жасар қара маржанға "Арсенал", "Тоттенхэм" секілді командалар ұсыныс тастамақшы. Трансфер құны 10-15 млн. еуро. Нтеп осы маусымда 15 ойынға қатысып 7 гол салған. Хорватиялық "Осиек" командасының 17-жасар ойыншысы Карло Лулич карьерасын "Ливерпуль" сапында жалғастыру мүмкін. Ағылшындық клубтың агенттері бұл ойыншыны "Энфилд" төріне алып келмей тынбайтын секілді. Сондай-ақ, бұл жас вундеркиндке римдік "Лацио" көз қырын салып жүр. Миландық "Интер" жақында жұлдызды трансфер жасамақшы. Көптен бері "Портудың" шабуылшысы Джексон Мартинеске аса қызығушылық танытып жүрген миландық клуб, көздеген мақсатына жетпей қоймайтын секілді. "Интер" Мартинеске 40 млн. еуро дайындап отыр. Дортмундтық "Боруссия" өзіне орталық жартылайқорғаушы іздеп жүр. Италиялық "Верона" командасының ойыншысы Маттео Бьянкетти және де румыниялық "Стяуа" клубының қорғаушысы Флорин Гардос секілді жас плеймейкерлермен дортмундтық клуб келіссөздер жүргізбекші. Саламат Оңалдықов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×