"Интердің" бас бапкері ауысты

10.11.2016, 14:14
"Интердің" бас бапкері ауысты
"Интер" өзінің ресми сайтында бас бапкер қызметін Стефано Пиолиге тапсырғаны жөнінде мәлімдеді. 51 жастағы маманмен келісім 2018 жылдың 30-маусымына дейін жасалған. Пиоли осыған дейін "Интердің" бас бапкері қызметін атқарған голландиялық Франк де Бурдың орнына тағайындалды. Стефано өз кезегінде италиялық "Парма", "Сассуоло", "Кьево", "Палермо" және "Балонья" командаларында жұмыс істеген. Соңғы рет бұл маман "Лацио" клубында 2014 жылдың маусымынан, 2016 жылдың сәуір айына дейін бас бапкер қызметін атқарған. Ерік Ерсін
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×