“Интер Милан” клубының бұрынғы президенті Эрнесто Пеллегрини Чемпиондар лигасының финалына небәрі бірнеше сағат қалғанда, 84 жасында өмірден озды.
Пеллегрини 1984 жылдан 1995 жылға дейін “Интер Милан” клубының президенті қызметін атқарған әйгілі кәсіпкер және меценат.
Оның басшылығы кезінде клуб 1988/89 маусымында Серия А жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар “Интер” сол жылдары екі рет УЕФА Кубогын жеңіп алып, Еуропадағы ең беделді клубтардың біріне айналды.
Ол “Интердің” қаржылық тұрақтылығы мен беделін күшейткен тұлға ретінде есте қалды.
"Интер” клубы ресми мәлімдеме жасап, Эрнесто Пеллегринидің клубқа қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті:
“Біз Эрнесто Пеллегрини мырзаның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол “Интер” тарихында мәңгілік із қалдырды”.