Йозеф Блаттер ҚФФ өкілдерімен кездесті

21.01.2012, 22:19
Йозеф Блаттер ҚФФ өкілдерімен кездесті

Бүгін Санкт-Петербургте ФИФА Президенті Йозеф Блаттер мен Қазақстан футбол федерациясы басшыларының дәстүрлі кездесуі өтті. ҚФФ Вице-президенті Виктор Катков Блаттер мырзаға ҚФФ Президенті Әділбек Жақсыбековтің жалынды тілектерін жеткізді. Виктор Георгиевич ФИФА-ның әлемдегі футболды дамытуға бағытталған барлық бастамаларын қолдайтынын және бұл тұрғыдағы ҚФФ-ның ұстанған ұстанымын айтып өтті.

 

Виктор Катков ҚФФ-ның 2011 жылы атқарған істерін қысқаша айтып беріп, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, ҚФФ-ның білім беру мақсаттары, инфраструктуралық бастамаларды жақсартуға бағытталған әрекеттер , аймақтық федерацияларды дамыту туралы жоспарлар және де «Қазақстан Республикасындағы балалар және жасөспірімдер футболының 2012-2022 жылдар аралығындағы дамуы концепциясың" қабылданғаны туралы да айтылды. Өз кезегінде Блаттер мырза да Қазақстандағы футболдың дамуына көңілі толатындығын жеткізді. "Жақсыбеков мырзаға менің ізгі тілектерімді жеткізуіңізді сұраймын. Көпшілікке мойындалған бұл басшыға жаңа белестерді бағындыруын тілеймін. Ал Қазақстан командасына алдағы жылдарда сәттілік жолдас болсын! Сіздердің балалар және жасөспірімдер футболына мынадай көңіл бөлгендеріңіз мені қуантып отыр. Бұл сіздердің болашақтағы жеңістеріңіздің кепілі деп білемін. Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан - Австрия матчын тамашалағанмын. Сол кездеойындарыңызды көріп әсерленіп қайтқан едім. Болашақта Еуропаның азулы құрамаларымен тең дәрежеде бәсекелесуге керемет мүмкіндіктеріңіз бар деп санаймын. Болашақтарыңыз зор. ФИФА бұдан әрі де ҚФФ-ның футболды дамытуға бағытталған бастамаларын қолдап отыратын болады. Сондай-ақ кездесуге ФИФА-ның Ұлттық қауымдастықтар бойынша директоры Тьерри Реженасс, ФИФА-ның шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша аға менеджері Ева Паскье және ҚФФ Халықаралық департаментінің басшысы Қуаныш Қанапьянов қатысты. Михаил Шапаевтың суреттері, РФС

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×