«Достастық кубогі - 2012». Ресей – Қазақстан 1:0

21.01.2012, 22:14
«Достастық кубогі - 2012». Ресей – Қазақстан 1:0
Қазақстан жастар құрамасы турнирдің тұсаукесер матчында алғашқы жеңілісіне ұшырады. Қазақстан жастар құрамасы турнирдің тұсаукесер матчында алғашқы жеңілісіне ұшырады. Матч алдында дүбірлі доданың ашылу салтанаты өтіп, ФИФА және УЕФА президенттері Йозеф Блаттер мен Мишель Платини турнирдің шымылдығын түріп берді. Ал ойын алаң иелерінің баяу шабуылымен басталды. Есеп ашылғанға дейін қос команданың да қақпасына аса қауіп төнген жоқ. Тіпті, қақпамызға өткір пас асырылып, оған ресейлік шабуылшы Заболотныйдың сәл жетпей қалғанын да қауіпке санауға болмайтын шығар. Дегенмен, көп ұзамай Антон Заболотный дегеніне жетті. 23-минутта оң қапталдан әуелете асырылған пасқа өзгелерден бұрын жетіп, әрі биік секірген Антон қақпашымыз Сергей Ткачук пен командамыздың капитаны Дамир Дәуітовты сан соқтырды. Иә, бұл эпизодта Серега мен Дамир голға тосқауыл болулары керек еді. Жалпы, есептің ашылғаны болмаса, бірінші тайм тең дәрежеде өтті деуге болады. Рас, 33-минутта Денис Прокопенконы алмастырған Алексей Щеткин шабуылымызға жан бітіргендей болған. Бірақ, Андрей Зайцев қорғаған Ресей қақпасына доп сол күйі жеткен жоқ. Тек, Бауыржан Исламхан ғана бірінші таймның соңғы секундтарында шамамен 22 метрден шірене соқты. Алайда теңбіл доп қақпадан сәл биік ұшты. Екінші тайм ойынның бірінші кезеңіне қарағанда жылдам, әрі қарқынды өрбіді. Дегенмен, ойын барысына бұл жағдай еш өзгеріс әкеле алған жоқ. Командамыздың аға бапкері Слобадан Крчмаревич бұл матчта ойынға тіркелген футболшыларымыздың көбіне алаңға шығуға мүмкіндік берді. Күні кеше ғана U-19 сапында жасындай жарқылдап жүрген Исламбек Қуат ойынға бірінші минуттан бастап араласса, 1993 жылғы жас дарынымыз Нұржарық Қуан матчқа екінші таймда қосылып, жастар құрамасындағы дебюттік кездесуін өткізді. Сонымен, турнирдің тұсаукесер матчында Қазақстан жастары Николай Писарев бастаған Ресей жастар құрамасы 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Дәл осындай есеппен Эстония құрамасы Түркменстан жастарынан жеңіліп қалды. Николай Писарев, Ресей құрамасының бас бапкері: -    Біз үшін басқа-басқа емес, дәл бүгінгі ойында жеңіске жету маңызды болды. Өйткені, біріншіден, Ресей футболының жүз жылдығы, екіншіден, ойынды ФИФА, УЕФА, РФО басшылары тамашалап отырды және үшіншіден, турнирді жеңіспен бастағымыз келді. Рас, алғашында аздап қобалжыдық. Бірақ, артынан еңсемізді тіктеп, жеңіске жетелеген голды соға алдық. Тағы бір ұнағаны – бүгін қос команданың да жастары нағыз ерлерге тән футболды тарту етті. Меніңше, Қазақстан тобымыздағы өзге командалардан мықтырақ. Слободан Крчмаревич, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері: -    Ұлтым – серб. Ал сербтер мен орыстар – ағайынды халықтар. Сондықтан, Ресейді жанымдай жақсы көремін. Бірақ, бүгінде Қазақстан құрамасын жаттықтыратын болғандығымнан, Ресейдің жеңіске жеткеніне көңілім түсіп кетті. Бізге сәл ғана бірнәрсе жетіспей тұрды. Дегенмен, кейбір ұсақ қателіктерге қарамастан, футболшыларымның ойынына көңілім толды. Турнирдегі басты мақсатымыз – үздік үштіктен төмен орын алмау. Ресей – Қазақстан – 1:0 Гол: Заболотный, 23. Ескертулер: Махмудов, 18 – Азаматов, 86. Ресей: Зайцев, Ходырев, Бурнаш, Чичерин, Жестоков, Померко, Васильев, Мухмудов (Байрамян, 46), Буданов (Дельнин, 75), Заболотный (Войнов, 87), Кузьмичев (Бибилов, 64). Қазақстан: Ткачук, Бейсебеков, Дәуітов, Горячий, Шомко (Құнов, 63), Тағыберген, Исламхан (Левин, 69), Қуат (Азаматов, 75), Прокопенко (Щеткин, 34), Хижниченко (Ахметов, 66), Лисенков (Жолшиев, 63). Резервте: Отарбаев, Габышев. Төрешілер: Иванов, Стипиди, Степанов (Ресей). 19 қаңтар. Санкт-Петербург. Петербургский СКК, 5000 көрермен. Түркменстан – Эстония – 1:0 Гол: Аннасахтов, 83.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×