"Қайрат" "Факелды" жеңді

21.01.2012, 22:10
"Қайрат" "Факелды" жеңді

Қазақстандық клубтардың көпшілігі қазір Түркия жерінде жаңа маусымға дайындалуда. Солардың бірі алматылық "Қайрат" кеше Воронеж қаласының командасы "Факелмен" жолдастық кездесу өткізді. Қазақстандықтар бұл ойында 2:1 нәтижесімен жеңіске жетті. Голдардың авторы Иосип Кнежевич және Руслан Мансуров. Қарсылас команда тек матчтың 89 минутында пенальтиден есепті теңестірді. Ресейліктер сапынан көзге түскен Шишелов болатын.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×