Иран. Кейруш бастаған қызылбастар

17.04.2014, 22:21
Иран. Кейруш бастаған қызылбастар

2013 жылдың 18 маусым күні Иран құрамасы Оңтүстік Корея құрамасыен кездесті. Иран үшін бұл матчта тек жеңіс қана қажет еді. Кез-келген өзге нәтиже Иранды плэй-офф кезеңіне жеберетін. Ойынның бір сағаты өте берген тұста Реза Гучанежад гол соғып, Иранды төртінші рет Әлем чемпионатына шығарды.  36жыл араға салып Иран Бразилия жеріне Португалиялық маман Карлос Кейруштің баптауымен бармақ. 61-жасар маман командаға өзінің мол тәжірибиесін берді. Ол кезінде сэр Алекс Фергюссонның көмекшісі болып «Манчестер Юнайтедте» және бір маусым мадридтік «Реалдың» бас бапкері болып қызмет етті. Кейруш сонымен қатар, Португалия құрамасын 2010-жылғы Әлем чемпионатына апарды. Ал оған дейін Кейруш жастар құрамасын Еуропаның екі дүрікін чемпионы қылған болатын. 

Карлос КЕЙРУШ

Бұл - Екі жыл бойы жасаған еңбегіміз бен төккен теріміздің нәтижесі. Әрбір жасаған жаттығу, әрбір ойнаған ойын команданың өрлеуіне жол салды. Сонымен бірге бұл жұмыстар команданы бірлікке шақырды. Команданың кез-келген мүшесі алаңда 90 минут ойнай алады. Жігіттер, алаңда 100 пайыз күшін сарқыса тамаша нәтижеге жетуге болатынын ендігі біледі.

Кейруш команданы қабылдаған кезде ондағы футболшылар негізінен ішкі біріншілікте өнер көрсететін. Команданы күшейту үшін ол Еуропада ойнап жүрген ирандық тамыры бар футболшыларға қолқа салды. Солардың екеуі Иранның іріктеуден өтуіне көмектесті. Оның бірі – шабуылшы Реза Гучанежад. Немес оны көбінесе «Гуччи» деп атайды. Ол Бельгияда ойнап жүрген кезде Кейруш телефон шалған. Ашкан Дежаганы да Еуропадан тапты. Шабуылға көп араласатын жартылай қорғаушы осы күні команданың негізгі футболшысы.

Ашкан ДЕЖАГА Карлос Кейруш менімен ұзақ келіссөздер жүргізді. Мен Иран құрамасында ойнағым келді. Бірақ, кейбір кедергілер болды. Сол кезде Кейруш көп күдіктің бетін сейілтті де мені Иранның құрамасына алдыртты. Маған оның бұрын қай жерлерде қызмет еткенін білудің өзі де жеткілікті еді. Менің болашақта мықты футболшы болуыма үлесін қоса алатын мамандардың бірі деп есептеймін оны. Мохаммад ТАГАВИ Иран тұрғындары командамыздың Бразилияға жолдама алғанына дән риза. Оның үстіне біз 2010 жылғы додаға қатыса алмай қалдық. Адамдар көшеге шығып ұзақ тойлады. Бұрындары мұндай қуанышты байқамайтын едік. Оңтүстік Кореямен болған ойынды әлі ұмыта алмай отырмын. Иранның жанкүйерлерінің бізді шын қолдаған кезіне куәгер болдым.
Иран – таулы, әрі шөлді мемлекет. Ол Азияның Оңтүстік батысында орналасқан.
1935 жылға дейін бұл мемлекет Персия деген атпен танымал еді. Ал 1979 жылы  Ислам Республикасы деген атқа бөленді.
Иранның көп бөлігі таулармен қоршалған жазықты-шөлді далада орналасқан.
1908 жылы Иранда алғаш рет мұнай табылды.
Осы таңда Иран мұнай өндіруден Әлемде 4-орында тұрған мемлекет.
…және ең көп кілем өнідіріп оны сыртқа шығаратын ел …сонымен бірге...
…уылдырық…
…пен қытырлақ .
Футболды бұл мемлекетте 1898 жылдан бастап ойнай бастады
Ең танымал клубтары – «Эстеглал», «Сепахан» және «Персеполис».
Иран ең алғаш рет 1973 жылы Әлем чемпионатының әрәктеу турниріне қатысты.
Ал 1977 жылы команда тұңғыш рет чемпионатқа жолдама алды
Карлос КЕЙРУШ Маған дем арасында команда 3-4 тәжірибиелі футболшы шақыру керек болды. Командадағы өзге футболшыларға заманауи, дамыған мықты футболдың қандай екендігін көрсете алатын адамдар қажет тұғын. Өйткені Иран үнемі өз аймағында ғана доп тебе бермейді. Бүгін олар Оманмен ойнаса, ертең – Туниспен, оның арғы күні – Бразилиея немесе Уругваймен. Халықаралық тәжірибиесі жоқ футболшылармен ондай турнирлерде бір нәтижеге жету қиын. Жаңа футболшылар команданың шабуылын күшейтті. Бірақ сонымен бірге бұрыннан келе жатқан қорғаныстың да күшейгенін айта кету қажет. Іріктеудегі 16 ойынның 10 матчында Иран қақпасына гол жібермеді.

Кейруш келісімен команданың әлсіз тұстарын дәл тапты. Одан кейін сол ақаулардың алдын алды. Әсіресе қорғаныспен көп жұмыс жасады. Кейруш батыл шешімдер қабылдады. Іріктеудің аяқталуна 3 орйын қалғанда ол командадан негізгі қақпашы Мехди Рахматиді аластатты. Қақпаға Рахман Ахмади қойылды. Иран осы кезде қалған 3 ойынның барлығын жеңуі керек болатын. Алдымен Катарға қарсы өткен ойында Иран соңғы минуттарда жеңісті жұлып кетті. Гол авторы - Гучанежад.Одан әрі Ливан құрамасы қарсылас атанды. 4:0 есебімен Иран жеңіске жетті. Бұл ойында да Гучанежад бір гол соқты. Және, ең маңызды матч. Ульсан қаласында өткен Оңтүстік Кореяға қарсы ойын. Бұл жолы да гол соққан Гучанежад. Оның осы және өзге де соққан голдары  Иранның Әлем чемпионатына шығуына көп септігін тигізді.

Кейруштың тактикалық сызбасы негізінен қорғанысқа негізделген. Және соңғы кездері өзін жақсы көрсетіп жүрген шабуылшыларға арт ылған. Ахмади  соңғы іріктеудегі үш ойында қақпада тұрды. Енді Бразилияда қақпаның кілті соған сеніп тапсырылады. Дежаганы қос қапталдан екі жартылай қорғаушы қолдайды. Андраник Тимотиан мен Джавад Неконам – маңызды ойыншылар. Егер керек десеңіздер командадағы негізгі ойын жартылай қорғаныста болады. Командада матч сайын 8-10 километр жүгіретін еңбекқорлар бар. Олар кімдер десеңіздер Андраника мен Неконамаға қараңыздар.Неконамға капитандық белгі берілген. Шабуылшыларға тамаша пас берумен бірге ол өзі де гол соғып жүреді. Енді ол Дежага мен Гуччи секілді әріптестерімен бірге Иранды алға сүйреп, Бразилияда жарқ етіп көрінуі ықтимал.

Иран Әлем чемпионатында үш рет ойнаған…
…бірақ үш рет Азия чемпионы атанған.
2005 жылы Иран Рейтингте ең жоғарғы орны 15-сатыға көтерілді.
Еі жарқын жеңісі1998 жылы Лион қаласындағы ойында өтті. Ол кезде АҚШ командасы жеңіліс тапты.
Ал ең нашар ойыны 2006 жылы болды. Анголамен тең түсіп, чемпионатты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
2010 жылғы чемпионатқа қатыса алмағаннан соң Иран жанкүйерлері бұл чемпионатты қатты күтті. Оларға Бразилияға дейінгі алыс жол қатты бас ауыртарлық мәселе емес.
Реза ГУЧАНЕЖАД

Біз онда рахаттанып қайтуға бара жатқанымыз жоқ. Күллі Әлемге біздің де футбол ойнай алатынымызды дәлелдеу үшін барамыз.  Қолымыздан не келетінін көрсетеміз. Ал нәтижесін чемпионат барысында анықтаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×