Капелло - Ресейдің басты күші

17.04.2014, 02:25
Капелло - Ресейдің басты күші

Бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған Ресей біршама талантты футболшыларды дайындап шығарған болатын. Енді 4 жылдан кейін әлемнің мықты командалары Бразилияға жол деп емес Ресейге жол деп ұрандайтын болады. Келесі біріншіліктің қожайындары осы жолғы іріктеу сындарында өз алаңындағы ойындарда тамаша нәтижелер тіркеді. Ал Азия құрлығынан жолдама алған иран командасы өзгелерге қарағанда ең аз жеңілген команда болып саналады. Және Ресей секілді енді олар да жақын арада өтетін Әлемдік додаға дайындалуда. Ресейдің өнер саласындағы жәдігерлерге өте бай. Бұл аймақта жаһанға аты танымал болған жазушылар, музыканттар және киномотогрофтар дүниеге келген. Сондай-ақ, соңғы жүзжылдықта Ресейде керемет спортшылар болды. Ал еуропадағы спорты менен киномоторгафиясы дамыған екінші бір ел – Италия. Орыстар осы жолы тура сол Италиялық маман Фабио Капеллоны құрама бапкер қылғаннан соң , 12 жыл араға салып барып Әлем чемпионатына жолдама алып отыр.

Роман ШИРОКОВ

- Футбол ойнап жүрген кез-келген адамның арманы Әлем чемпионатында ойнау. Ол менің де арманым еді.

Әзірге бірде бір Еуропалық команда Оңтүстік Америкада жеңімпаз атанып көрмеді. Осы жолы да кәрі құрлық өкілдеріне оңай болмасы анық.

Фабио КАПЕЛЛО

Менің ойымша көптеген командаларға кедергі ортақ. Алыс қашықтық, климат және осыған ұқсас мәселелер. Бұл факторларға назар аудармасқа болмайды. Бізге, Бразилияға жақсы қалыппен бару қажет. Жеңіске сусап тұруымыз керек.  Бізге жеңімпаздық рух жинаған жөн.

Игорь АКИНФЕЕВ

Ғаламдық мақсат қоюдың керегі жоқ. Тек бүгінгі күнмен өмір сүру қажет. Жазда болатын жарыста қалай ойнайтынымыз өзіміздің дайындығымызға байланысты болмақ. Әртүрлі жағдайларды есепке ала отырып, жарысты ары қарай жалғастыру керек.

Футболды бұл аймақта Ресей империясының заманында ойнай бастаған.
Ең алғаш құрылған ондай ұйымдар жылнамасы 1887жылға меңзейді.
Төңкерістен кейін спорт тіпті қарқынды дами бастады.
1942 және 1943жылдары Бірінші мамыр мерекесі күні қызыл алаңда футбол алаңы төселінетін.
Енді бұл күндері мәскеулік «Динамо», мен ЦСКА және санкт-петерборлық «Зенит» командалары бар.
Кеңес үкіметінің ыдырауынан соң Ресей алғашқы ресми ойынын 1992 жылы ойнады.
Араға екі жыл салып ресейліктер Бразилияны АҚШта өткен Әлем чемпионатында жеңді. Бірақ, бәрібір де өз тобынан шыға алмады. Кеңес үкіметі Әлем чемпионатына алғаш рет 1958 жылы қатысты.Ол кезде командада Лев Яшин секілді даңқты қақпашы болды. Сол жарыста команда ширек финалға дейін жетті. Осы көрсеткішін келесі біріншілікте де қайталай алды.
Виктор БАЛАГАДДЕ Олардың сапында ешқандай да жарық жұлдыз жоқ. Ресей құрамасының алдыңғы буынының да керемет жетістікке жеткен жарысы да жоқ. Дей тұрғанымен де команданың ұжымдық ойыны қарсыласқа қиындық тудыртады. Ресей құрамасын ұтып кету Еуропадағы, Әлемдегі кез-келген команда үшін жетістік. Ресей іріктеу кезеңін өз қақпасына гол жібермей 4 бірдей жеңіспен бастады. F тобында Ресей мен Португалия құрамалары фаворит деп есептелінді. Және ресейліктер өз алаңында Португалияны жеңгеннен соң бұл бәсекеде жеке дара алға шықты. Роман ШИРОКОВ Бірінші кезекте Португалияны жеңгенімізді ерекшелеп айтамын. Сол ойын бізге алға қарай ұмтылуға серпін берді. Ал екіншісі Белфасттағы жеңіліс. Португалиядан жеңілгеннен соң бұл қатарынан 2-жеңіліске ұласты. Португалия мен Солтүстік Ирландияға жеңілісімен команда тәтті ұйқысынан оянғандай жай кешті. Фабио КАПЕЛЛО Мен футболшылардың есіне тағы бір мәрте салып өттім. Біз топтың лидеріміз. Әрі қалған ойындардың барлығын жеңіп, чемпионатқа жолдама алуымыз тиіс дедім. Әйтпесе, плей-офф ойындарын ойнап, біраз әбігерге түсер едік. Мен ондай жағдайды тіпті қаламадым.      
Осыдан кейін команда үш жеңіс пен бір ойында тең түсті.
Егер кеңес үкіметінің де ойындарын ресейге берер болсақ онда орыстар биыл 10 мәрте Әлем чемпионатына бармақ.
Олег Саленко осы күнге дейін мұрты бұзылмаған рекорд авторы. 1994 жылғы Әлем чемпионатында ол Камерун құрамасына қарсы кездесуде 5 гол соққан болатын.
…Ал ең сәтсіз ойынның бірі 1986 жылы 1/8 финалда Бельгияға қарсы ойында болды. Ол матчта Одақ футболшылары   3:4 есебімен жеңілді.
Әлем чемпионатында ең бірінші сары қағазды алған футболшы да Кеңес үкіметінің футболшысы. Оқиға 1970 жылы тіркелді.
Кахе Асатиани Мексикаға қарсы ойында тәртіпсіздігі үшін жазаланды.
Және тура осы ойында Кеңе командасы Әлем чемпионаттарының тарихында тұңғыш рет ойын кезінде футболшы алмастырды.
Капелло Ресеи құрамасын 2012 жылы Еуропа чемпионатынан соң өз қолына алды. Ол командаға үйлесімділік пен тәртіп алып келді. Көпшіліктің айтуы бойынша бапкер команданың ойынына италиялық әдістерді аямай қосқан. Оның бір белгісін Ресейдің іріктеу кезеңінде тек 5-ақ гол жібергенінен көруге болады.
Фабио КАПЕЛЛО Өзгелер мен туралы басқаша ойлайтын сияқты. Мен командама шабуылшыларды көп пайдаланатын адаммын. Мен баптаған командалардың көбісі тамаша қорғанады әрі жаұсы шабуылдайды. Менің футболдағы пәлсапам осы. Қорғанамыз, сосын шабуылдаймыз.  Игорь АКИНФЕЕВ Жігіттер бапкердің айтқанын екі етпей орындауға тырысады. Бұл жеңіске жетелейтін жағдай. Бапкеріміз тәртіпке бағындыра білетін маман. Сол тәртіп өзінің жемісін беруде.  Капелло көбінесе 4-2-3-1 сызбасымен ойнайды. Іріктеуде Акинфеев барлық ойында қақпада тұрып шықты.Сонымен қатар, Алексей Березуцкий бастаған қорғаныстағы төрттік те еш алмаспады. Ал артқы жартылай қорғаушы қызметін Игорь Денисов ойнайды, шабуыл өтіне  – Александр Кержаков немесе Александр Кокорин шығады. Роман ШИРОКОВ Әлемдегі көптеген командалар сияқты біз де прессинг жасай аламыз. Қорғанған кезде бүкіл командамен қорғанамыз. Ал шабуылдаған кезде жылдам қимылдағанды ұнатамыз. Фабио КАПЕЛЛО Ойын тактикасын сенде бар футболшыларға қарап жасауың керек. Және олардың қандай қыры басым, соны ескеру қажет. Егер командада физикалық тұрғыда әлсіз, бірақ техникасы тамаша футболшыларың бар ма онда тура Испания сияқты ойнаған дұрыс. Егер Бельгиядағыдай кілең ірі футболшылар болса онда атлетикалық футбол ойнайсың. Іректеу кезеңінде Капелло құрамаға 26 футболшыны шақырды. Командада негізінен тәжірибиелі футболшылар. Олар қорғаныста жақсы өнер көрсетіп, қарымта шабуылдарды жақсы жасайды. Дегенмен, де бұл командаға әлі де болса пысықтайтын тұстар жеткілікті. Ресей өз тобында фоворит Бельгиямен ойнайды. Сонымен бірге қарсыластар қатарында Оңтүстік  Корея мен Алжир командалары бар. Соңғысына қарсы ойынды орыстар Куритиба қаласында өткізеді. Бұл ойын осы стадионда өтетін 4 ойынның бірі. Куритиба Атлант мұхитының жағалауында сан паулу қаласының оңтүстігінде орналасқан. Бразилияның оңтүстігінде орналасқан қалалар ішінде Куритиба халқы ең көп шаһар.  Мұнда 1 млн, 800 мың адам өмір сүреді. Ресей Алжирге қарсы ойынды 26 маусым күні өткізеді. Ресей турнирдегі алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы Куиаба қаласындағы ойынмен бастайды.  Ал араға 5 күн салып Рио қаласында Белгияға қарсы шықпақ. Ал Алжирге қарсы Ресей құрамасының ойыны екінші рет өтпек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×