Исламбек Қуаттың мансабын жалғастыратын клубы белгілі болды

10.09.2020, 02:37
«Химки» турнирлік кестеде 3 ұпаймен 15-орында тұр.
Исламбек Қуаттың мансабын жалғастыратын клубы белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат ресейлік "Химкимен" келісімшартқа отырады.

Тараптар барлық мәселелерді шешіп, келісімге қол қойды. Жартылай қорғаушы Ресей Премьер-лигасының келесі матчында жаңа командасы үшін ойнай алады. 12 қыркүйекте "Химки" "Уралмен" кездеседі.

"Химки" - 1996 жылы құрылған Мәскеу маңындағы клуб. Негізгі жетістік - 2007 жылғы маусымда РПЛ-дегі тоғызыншы орын. Сонымен қатар, команда Ресей Кубогының финалына екі рет шықты. Премьер-лигадағы бұл маусым команда үшін жеті жылдағы алғашқы маусым болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×