ИСЛАМХАН — «ҚАЙРАТ» КАПИТАНЫ

04.03.2015, 21:33
ИСЛАМХАН — «ҚАЙРАТ» КАПИТАНЫ

Бауыржан Исламхан Қайрат

22 жастағы Бауыржан Исламхан «Қайратта» 2014 жылы 30 астам ойын өткізіп,  бес гол салған. «Қайрат» командасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, команда бас бапкері Владимир Вайсс Бауыржан Исламханды жаңа маусымға клубтың капитаны ретінде тағайындаған. «Қайрат» былтырғы ел чемпионатында біраз уақытқа дейін көш бастап келе жатып, кейін «Астанадан» жеңілген соң қола медальды иеленген. Кейін ел кубогында «Ақтөбені» жеңіп, кубокты иеленген. Биыл бұл команда Европа лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Ал «Қайраттың» биылғы маусымдағы құрамы төмендегідей: «Қайрат» Қақпашылар: № 1 Владимир Плотников (1986) № 16 Сергей Ткачук (1992) Қорғаушылар: № 2 Тимур Рудосельский (1994) № 3 Заурбек Плиев (1991) № 5 Марк Гурман (1989) № 13 Ермек Қуантаев (1990) № 6 Жарко Маркович (1987, Сербия) № 24 Бауыржан Тәңірбергенов (1995) Жартылайқорғаушылар: № 4 Ибрахим Моро (1993, Гана) № 7 Жамбыл Кукеев (1988) № 8 Михаил Бакаев (1987) № 9 Бауыржан Исламхан (1993) № 10 Исаэл Барбоза (1988, Бразилия) № 14 Бауыржан Байтана (1992) № 17 Аслан Дарабаев (1989) № 20 Исламбек Қуат (1993) № 23 Илья Калинин (1992) № 26 Рифат Нурмугамет (1996) Шабуылшылар: № 11 Жерар Гоу (1988, Кот-д’Ивуар) № 15 Сито Риера (1987, Испания) № 18 Виталий Ли (1994) № 19 Станислав Лунин (1993) № 21 Момоду Сисей (1988, Гамбия). Естеріңізге сала кетейік, командалардың жаңа маусымға ойыншы тіркеуі 3 сәуірге дейін жалғасады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×