Исламхан "ЦСКАға" байқауға бармақ

27.01.2013, 08:30
Исламхан "ЦСКАға" байқауға бармақ

m25_32Достастық кубогынде өнер көрсетіп жатқан Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының капитаны Бауыржан Исламханды Мәскеудің "ЦСКА" командасы байқауға шақыртып отыр деген әңгіме тарады ғаламторда. Футбол төңірегінде жүрген тұлғалардың айтуы бойынша бұл ойыншыға "ЦСКА" командасы осының алдыңғы жылы да көз тіккен болатын.

Енді, биылғы жылғы көрсеткен сүбелі өнерінен соң "Тараз" футбол клубының жартылай қорғаушысын ресейлік бірнеше клуб өз сапына алғысы келіп отыр. Олардың қатарынада Петербор қаласының "Зениті" мен Қазанның "Рубин" командасы да бар.

Ертең Қазақстан жастар құрама командасы сағат 16-15-те Молдова командасымен 5-орынға таласатын болады. Осы кездесуден соң біраз жайттың астары ашылып қалуы әбден ықтимал.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×