Исламхан үздік бестікте

05.02.2014, 20:47
Исламхан үздік бестікте
Биылғы «Достастық кубогының» ең үздік 5 футболшысынының қатарында қазақстандық жартылай қорғаушы бауыржан исламхан да бар. Қазақстан құрамасы жарыста 5-орын алды. Біздің құраманың жақсы өнер көрсетуне басты себепкер болған Бауыржан Исламхан. Құрамамыздың 9-нөмерлі ойыншысы әрбір кездесуде команданы алға сүйреді. Ресей жастар құрамасының бапкері Николай писаревтің айтуынша Исламхан шабуылды 2-3 қадамға алдын ала ойлайтын футболшы. Өткен жылы да осы турнирде көзге түскен Тараз футбол мектебінің түлегі краснодар қаласының Кубань командасымен келісім-шартқа отырған болатын. Енді бауыржан көптеген мамандардың дауыс беруінің нәтижесінде биылғы турнирдің де үздік бестігінің қатарына еніп отыр. Айта кетуіміз керек, Бауыржан Исламхан осы турнирден кейін Алматылық «Қайрат сапына ауысты. Енді ол Владимир вайсс командасында жаттығып, жаңа маусымға алмытылық ұжыммен дайындалуда.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×