Исламханды Украина клубтары да сұрап отыр

28.01.2013, 07:44
Исламханды Украина клубтары да сұрап отыр
«Тараз» футбол клубының мүшесі Бауыржан Исламханға «Достастық Кубогінен» кейін қызығушылар саны аз болмай тұр. Түрлі алып қашпа әңгімелердің шындық не қауесет екендігін білу үшін клуб президентіне қоңырау шалған едік. Талғат Тұрлыбайұлы, ғаламторда Исламханға бірнеше шетелдік футбол ұжымдары қолқа салып отырған көрінеді… Нақты қандай клубтардан  сұранымдар түсіп жатыр? Иә, қызығушылық танытып, өз командаларында Исламханды көргісі келетіндер көбейіп тұр. «Достастық Кубогі» өтіп жатқан кезде «Рубин» командасы да қызығушылық танытқан болатын. Ресейдің «Динамо» және ЦСКА клубтарының Бауыржан Исламханмен келісім жасауға дайын екендігін мәлімдегенімен әзірге бізге ешқандай ресми қағазбен шыға қойған жоқ. Бірақ Украинаның Донецкілік «Металлург» және Львов клубтары ресми құжаттармен шығып, сұрап отыр. Алайда келісім берудің ретін көріп отырғаным жоқ. Әлі қарастыратын боламыз. Егер Ресей мен Украинаның белді командалары сұрап, Исламханның негізгі құрамда ойнайтындығын айтып жатса келісім жасап қалуымыз мүмкін. Нұржан Туғанбай
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×