Испан Примьерасы. Көш басында Мадрид! Бірақ, "Реал" емес!

27.03.2014, 21:51
Испан Примьерасы. Көш басында Мадрид! Бірақ, "Реал" емес!
Эль-классикода есе жіберіп, "Барселонаны" кестеде өзіңе жақындатып алған корольдік клуб ендігі кездесуін "Севильяға" қарсы өткізеді. Жеңуге мүмкіндігі мол. Оған бірінші айналымдағы 7:3 есебімен тас-талқан еткені дәлел. Бірақ, ол ойын "Бернабеуде" өткентұғын. Ал, бүгін "Севилья" алаңында. Эмери командасының аяқ алысы жаман емес. Чемпионаттағы соңғы 5 кездесуде жеңіске жеткен. Онымен қоса команда кішігірім сенсация жасап Еуропа Лигасының ширек финалынан да табыла кетті. "Реал Мадридке" бүгін қиын соғатыны айдан анық. "Рамон Санчес Писхуан" стадионында "Севилья" өліспей беріспейтіні бар. Бірақ, Анчелотти шәкірттері бүгін мұрыннан қан кетсе де 3 ұпайды бұл стадионнан алып шығу керек. Матч жоғары жылдамдықта басталып, допқа көбірек қонақтар иелік етті. Шабуылдаған да солар. Біраз шабуылдардан кейін таймның үштен бір бөлігі өтуге таяған шақта Криштиану есеп ашты. Екінші голды уақыт ұзатпай салуды көздеген "Реал", "Севилья" қарсы шабуылының құрбаны болды. Бакканыңың соққысына Диего Лопес айла таба алмай, есеп теңесті. Гол салуға қонақтар қанша талпынғанымен, бірінші тайм тең аяқталды. Есеп басқаша сайраған, ойынның сюжеті басқаша сайраған тайм болды, бірінші бөлік. Ойынның екінші бөлігінің басында қауіпті сәттер аз болды. Көбіне талас-тартыс алаңның ортасында өтіп жатты. Алаңның ортасында екі команда да иелік етуге тырысты. "Реалдың" ойыншыларын "Севилья" ұсақ-түйек фолдармен тоқтатуға тырысты. Уақыт келе ойын тізгінін өз қолдарына алып, шабуылдар ұйымдастыра бастаған мадридтіктер күтпеген жерден екінші гол өткізіп алды. Гол авторы-тағы сол Бакка! Бар күшімен есепті теңестіруге тап беріп, оған біраз мүмкіндіктері болса да есеп өзгеріссіз қалды. Бұған қақпашы Бетудың сіңірген еңбегі зор. "Севильяның" жеңісі. Әрине, бүгін "Реалға" сәттілік теріс қарағаны анық. Әйтпесе, талай мүмкіндіктер болды(әсіресе, бірінші таймда), кейбір жерлерде Бету қақпасын голдан аман сақтап қалды. Бұған дәлел, матчтың үздік ойыншысы, дубль еншілеген Бакка емес, қақпашы болып танылды.
 

27 наурыз. Севилья. Стадион "Рамон Санчес Писхуан". Төреші - Хосе Луис Гонсалес (Кастилия-Леон).

СЕВИЛЬЯ - РЕАЛ МАДРИД - 2:1 (1:1)
 Криштиану Роналду, 14 (0:1). Бакка, 19 (1:1). Бакка, 72 (2:1).
Севилья Реал Мадрид
 Бету  Диего Лопес
 Альберто Морено  Марсело
 Николас Пареха  Рафаэль Варан
 Федерико Фасио  Пепе
 Андухар Коке  Даниэль Карвахаль
 Стефан Мбиа  Лука Модрич, 90
 Иборра  Хаби Алонсо
 Марко Марин, 71  Асиер Илльярраменди, 67
 Иван Ракитич  Гарет Бэйл
 Хосе Антонио Рейес, 76  Криштиану Роналду
 Карлос Бакка, 83  Карим Бензема
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Витоло, 71  Иско, 67
 Фернандо Наварро, 76  Альваро Мората, 90
 Кевин Гамейро, 83  

Ескертулер:

 Иборра, 21  Гарет Бэйл, 23
 Марко Марин, 61  Рафаэль Варан, 78
 Николас Пареха, 90+4  Хаби Алонсо, 87

 

Негізі, "Атлетико Мадрид" өзінің "Гранадаға" қарсы кездесуін "Реал Мадридтен" бұрын өткізген болатын. Симоне шәкірттері бір гол салса да, сенімді жеңіске жетті. Енді көш басында "Атлетико Мадрид".
 

27 наурыз. Мадрид. Стадион "Висенте Кальдерон". Төреші - Хуан Мунера (Бенидорм).

АТЛЕТИКО - ГРАНАДА - 1:0 (0:0)
 Диего Коста, 63 (1:0).
Атлетико Гранада
 Тибо Куртуа  Роберто
 Эмилиано Инсуа  Брайан Ангуло, 46
 Диего Годин  Джейсон Мурильо
 Жоао Миранда  Александре Коэфф, 81
 Хуанфран  Аллан-Ромео Ньом
 Арда Туран, 60  Фран Рико
 Тиагу Мендеш  Мануэль Итурра
 Габи  Хосе Ресио
 Кристиан Родригес, 56  Ясин Браими
 Давид Вилья, 70  Рики, 74
 Диего Коста  Юссеф Эль-Араби
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Хосе Эрнесто Соса, 56  Димитри Фулкье, 46
 Диего, 60  Диего Буонанотте, 74
 Рауль Гарсия, 70  Одион Игало, 81

Ескертулер:

 Габи, 41  Брайан Ангуло, 29
   Джейсон Мурильо, 39
   Ясин Браими, 44

 

"Барселона" "Сельтаны" қабылдады. Жеңісіне ешкімнің шүбәланбағаны анық. Қандай есеппен жеңіске жетеді, Месси гол сала ма деген сұрақтар ғана өз жауабын күтіп тұрды. "Камп Ноудағы" өткен кездесуде "Осасунаға" 7 гол тоғытқан болатын. Бүгін де жанкүйерлер одан кем күтпегені күмәнсіз. Бірақ, 3 гол тоғытып жеңіске жетті. Неймар-дубль, Месси еншісінде бір гол. "Барселона" үшін сәтсіздік Вальдестің жарақаты. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек Вальдес жарты жылдай жасыл алаңға шыға алмайды. Мүмкін, кешегі кездесу "Барселона" сапындағы ең соңғы матчы болған шығар. Әрине, "Барселонадан" бұлай кетуді қаламады. Арманы-қаһарман болып командасымен қоштасу еді, оған лайықты да еді. Вальдес үшін бұл жағдай қалай ауыр тисе, "Барселона" үшін де одан кем емес. Маусымның аяғы тақап, ең шешу кездесулер болар шағында негізгі қақпашысынан айырылғаны "блауграна" үшін ауыр тиеді.
 

26 наурыз. Барселона. Стадион "Камп Ноу". Төреші- Айса Гамес (Валенсия).

БАРСЕЛОНА - СЕЛЬТА - 3:0 (2:0)
 Неймар, 6 (1:0). Месси, 30 (2:0). Неймар, 67 (3:0).
Барселона Сельта
 Виктор Вальдес, 24  Йоэль
 Хорди Альба  Хонни Кастро
 Хавьер Маскерано  Йон Ауртенече
 Марк Бартра  Густаво Кабрал, 38
 Адриано  Уго Мальо
 Сеск Фабрегас  Андреу Фонтас, 74
 Александр Сонг  Леви Мадинда
 Андрес Иньеста, 46  Алекс Лопес
 Неймар, 71  Аугусто Фернандес
 Алексис Санчес  Санти Мина
 Лионель Месси  Фабио Орельяна, 64
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Хосе Мануэль Пинто, 24  Иньиго Лопес, 38
 Серхи Роберто, 46  Марио Бермехо, 64
 Педро, 71  Борха, 74

Ескертулер:

 Адриано, 20  Аугусто Фернандес, 75
 Хорди Альба, 45+3  Уго Мальо, 83

 

Испан Примьерасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Бірқатар кездесулер бүгін түнде өтпек. Малага-Эспаньол-1:2 Голдар: Серхио Гарсия, 33 (0:1). Перес, 34 (1:1). Пицци, 76 (1:2). Эльче-Атлетик-0:0 Райо Вальекано-Осасуна-1:0 Гол: Ларривей, 90 - пенальтиден (1:0)

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойыын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  АТЛЕТИКО 30 23 4 3 67-21 73
2  БАРСЕЛОНА 30 23 3 4 88-25 72
3  РЕАЛ МАДРИД 30 22 4 4 81-32 70
4  АТЛЕТИК 30 16 8 6 52-32 56
5  СЕВИЛЬЯ 30 14 8 8 55-45 50
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 29 13 7 9 52-43 46
7  ВИЛЬЯРРЕАЛ 29 13 6 10 49-36 45
8  ЭСПАНЬОЛ 30 11 7 12 34-35 40
9  ВАЛЕНСИЯ 29 11 6 12 41-40 39
10  ЛЕВАНТЕ 29 9 10 10 26-35 37
11  ГРАНАДА 30 10 4 16 28-40 34
12  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 30 10 3 17 34-63 33
13  СЕЛЬТА 30 9 6 15 33-44 33
14  МАЛАГА 30 8 8 14 29-38 32
15  ЭЛЬЧЕ 30 7 10 13 24-41 31
16  АЛЬМЕРИЯ 29 8 5 16 31-55 29
17  ОСАСУНА 30 8 5 17 25-51 29
18  ХЕТАФЕ 29 7 7 15 26-46 28
19  ВАЛЬЯДОЛИД 29 5 12 12 31-49 27
20  БЕТИС 29 4 7 18 23-58 19

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×