Испандық мамандар футболдан шеберлік-сыныбын өткізді

13.07.2013, 05:40
Испандық мамандар футболдан шеберлік-сыныбын өткізді

Астанадағы «Астана-Арена» стадионында испандық мамандар қазақстандық жас футболшыларға арнап шеберлік-сыныбын өткізді.

 Бұл шараға 14 облыс және Алматы қаласынан 9 және 11 жас аралығындағы 40 дарынды балғын қатысып, испандық мамандардан дәріс алу мүмкіндігіне ие болған. «Балаларға шеберлік-сыныбын өткізудегі басты мақсат – «Барселона» клубының шеберлігін жас қазақстандық футболшыларға көрсету және оларға білікті бапкерлердің әдістемесін үйрету»,-дейді ұйымдастырушылар. «Барселона» клубының жанындағы балалар мен жасөспірімдерді жаттықтыратын «Tactics» фирмасы Африка және Орталық Азия мемлекеттерінде өздерінің бөлімшелерін ашып, жас футболшыларға осы спорт түрінің қыр-сырын үйретуде. Қазақстан футбол федерациясы және Назарбаев орталығының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шеберлік-сыныбында айрықша ойын үлігісін көрсеткен командаларға естелік сый-сияпаттар тарту етілген.

  «Baq kz» ақпарат Фото: А. Есембеков
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×