Төрешіні ұрған директор жазаланды

13.07.2013, 05:41
Төрешіні ұрған директор жазаланды

Астана. 5 шілде. Baq.kz – "Пари-Сен-Жермен" футбол клубының спорттық директоры Леонардо бір жылға спорттан аластатылды.

 Франция футбол қауымдастығының аппеляциялық комиссиясы осындай шешім шығарды. Леонардо "Валансьенмен" болған матчтан кейін төрешіні ұрып жібергендіктен, осындай жаза белгіленді. Ол реферидің "ПСЖ" капитаны Тиаго Сильваны алаңнан қуғанына осылайша жауап берді. Енді, Леонардо өз қызметін 2014-жылдың 30-маусымынан кейін ғана жалғастыра алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×