"Барселона" Испания Кубогінің жартылай финалында (жауапты матч) "Севильямен" кездесті. Матч Барселонада "Камп Ноу" стадионында өтіп, 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бірінші матчта "Севилья" "Барселонаны" 2:0 есебімен жеңген болатын.
MisterChip статистикалық порталы хабарлағандай, "Барселона" - Испания Кубогінің 119 жылдық тарихында 13 маусым ішінде он рет финалға шыққан алғашқы команда.
Финалдық матчта Рональд Куман шәкірттері "Леванте" - "Атлетик" жұбының жеңімпазымен ойнайды. Айта кетейік, Испания Кубогін соңғы рет "Валенсия" еншілеген еді, ол 2019 жылы 25 мамырда "Барселонаны" финалда 2:1 есебімен жеңген еді.
Біздің серіктес: FONBET