Бүгін, 14 маусымда Испания құрамасы Швеция құрамасымен кездесті. Матч Севильядағы "Олимпико де Севилья" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Ойынға Славко Винчич бастаған словениялық төрешілер тобы қазылық етті.
Испания құрамасы матч бойы басымдыққа ие болды. Мәселен, Швеция құрамасының ойыншылары кездесудің бірінші жартысында жалпы 58 пас берген. Ал Испания сапында үш ойыншы бірінші таймның өзінде бұл көрсеткіш бойынша қарсыластарынан асып түсті: Эмерик Ляпорт (62), Пау Торрес (61), Жорди Альба (60). Сондай-ақ "қызыл фурия" жалпы ойын уақытының 85,1% допқа иелік етіп, Еуропа чемпионатының рекордын орнатты. Бірақ төрешінің соңғы ысқырығы тең есепті тіркеді. Швеция құрамасының қорғаушысы Виктор Линделёф матчтың үздік ойыншысы ретінде танылды.
Еске сала кетейік, Е тобында Испания мен Швециядан бөлек Польша мен Словакия құрамалары ойнап жатыр. Е тобының турнирлік кестесінде Словакия көш бастап тұр, екінші және үшінші орындарда Испания мен Швеция тұр, Польша соңғы орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET