ИТАЛИЯНЫҢ А СЕРИЯСЫ. +6 «НАПОЛИ» «ЮВЕНТУСТЫ» ӨКШЕЛЕП КЕЛЕДІ

04.03.2013, 22:09
ИТАЛИЯНЫҢ А СЕРИЯСЫ. +6 «НАПОЛИ» «ЮВЕНТУСТЫ» ӨКШЕЛЕП КЕЛЕДІ
962657-15787799-640-360«Аладоп» назарларыңызға Италияның А сериясының кезекті турының нәтижесін ұсынады. Көш басындағы екеу өзара жолықса, кестедегі көршілер «Милан» мен «Лацио» ұпайға таласып көрген болатын. Осы жәнеде басқада ойындарға жасалған шолуымызды төменнен оқи аласыздар. 1 наурыз. «НАПОЛИ» (Неаполь) – «ЮВЕНТУС» (Турин). 1:1 (1:1). Неаполь. «Сан-Паоло» алаңы. Төреші- Даниэле Орсато (Чио). Голдар:Кьеллини 10 (0:1), Инлер 43(1:1). Әрине, «Наполи» егерде көшбасына үмітті болса осы жолғы ойында қалайда ұтуға тиіс. Бұл ауыздықсыз кетіп бара жатқан «Ювентусты» ауыздықтайтын тамаша сәт. Бұл «көктердің» қолынан келе ме екен?. Өткен чемпионаттағы кездесуде «Юве» өз алаңында «Наполиді» ұтқан болатын. (Италияның А сериясы. 8-тур. «Ювентус»- «Наполи» 2:0. Голдар: Касерес 80, Погба 82) Осы жолғы турдың орталық ойыны саналған кездесу өз деңгейінде өтті. Допқа иелік ету, өткір де керемет ұйымдастырылған шабуыл, берік әрі мықты қорғаныс осындай ойынды қос ұжымнан жақсы көрдік. Кездесудің 10минутында қонақтар қатарынан Кьеллини есепті ашты. Ал бұл голға алаң иелері тек 43 минутта Инлердің салған голы арқылы жауап қайырды. Ойынның аяққы минуттарына дейін осы есеп сақталды. «Қарт Синьора» көшбасындағы бірінші орынын сақтап қалды. Осы ойыннан кейін «Наполи» «Ювентуспен» ара қашықтығын алты ұпайға қысқартты. Ойынның үздік футболшысы- Джорджо Кьеллини (Ювентус). 2 наурыз. «МИЛАН» – «ЛАЦИО»(Рим) 3:0. Милан қаласы, «Сан Сиро» алаңы. Төреші: Никола Риццоли (Болонья). Голдар:Паццини 40 (1:0), Боатенг 44 (2:0), Паццини 60 (3:0). 27-ші турдағы «Милан» және «Лацио» арасындағы кездесу үлкен қызығушылық туғызды. Кестедегі жағдайды айтпаған күнде,чемпионаттағы өткен ойын еске оралды. (Италияның А сериясының 8-ші тур. «Лацио»-«Милан» 3:2. Эрнанес 25, Кандрева 41, Клозе 49, де Йонг 61, Әл-Шаарави 79). Сәтсіздіктерден-сәтсіздікке ұшырап, жолдары болмай жүрген «рассонери» есін жиды. Өткенде азуын айға білеген «Барселонаны» жеңіп, бір қадам болсын алдыға жылжыған болатын. Ала-құла ойынап жүрген «милан» ойыншылары алдағы ойындарға жеңдерін түріп,білектерін сыбанып кірскен сыңайлы. «Ақ-көк түстілерден» келер қауіпті «милан» беске біледі. «Сан Сиро» алаңында «лацио» сан соғып қалды. Паццинидің ерекше ойыны мен бабына келіп, қайта голдан-гол сала бастаған Принс Боатенг ес жиғызбас соққыларымен көзге түсті. «Лацио» сырт алаңда ұпай жоғалтып, бір саты «Миланнан» жоғары тұрған жерінен екі саты төмендеп кетті. Ал «рассонери» кестедегі үздік үштіктің қатарына келіп қосылды. Ойынның үздік футболшысы- Джампаоло Паццини (Милан) 3 наурыз. «ТОРИНО» (Турн)- «ПАЛЕРМО» 0:0 (0:0). Қызық қарсыластар. (Италияның А сериясы. 8- ші тур. «Палермо»-«Торино» 0:0). Бұл екі клуб биылғы чемпионатта ұпай бөлісіп өткен командалар. Айналым айналып келседе 0:0 есебімен тең тарқасты. Кестеге көз жүгіртсек «Ториноның» жағдайы «Палермоға» қарағанда әлде қайда жақсы. Жеңіп кететіндей-ақ команда. «Бүркіттердің» жағдайы нашар. Биылғы чемпионаттанда ығысып шығып қалу қауіпі бар. Келесі болар ойындарда «Палермо» жанын салып қимылдау керек. Италияның Б сериясына түсіп қалғысы келмесе… «БОЛОНЬЯ» – «КАЛЬЯРИ» 3:0 (2:0). Болонья. «Ренато Даль Ара» алаңы. Төреші:Лука Банти (Ливорно). Голдар:Тайдер 5 (1:0), Диаманти 18 (2:0), Паскуато 90 (3:0). «Болонья» клубы өз алаңында «Кальяри» ойыншыларын тізе бүктірді. Ойындарында ілгерлеушілік байқалып келе жатқан «Болонья» өздерінің нағыз ойындарын көрсетті. «Кальяри» командасы сырт алаңда болоньялық клубтан 3:0 есебімен ұтылды. Тайдер мен Диаманти және Паскуатолардың салған голдары «Болоньяны» жеңіске жеткізді. «КАТАНИЯ»- «ИНТЕР» (Милан) 2:3 (2:0). Катания. «Анджело Массимино» алаңы. Төреші:Мауро Бергонци (Генуя). Голдар:Бергессио 7 (1:0), Маркезе 19 (2:0), Альварес 52 (2:1), Паласио 70 (2:2), Паласио 90+2 (2:3). Осы турдағы нәтижелі ойын осы «Катания» және «Интер» арасындағы кездесу болды. «Анджело Массимино» алаңында жергілікті «Катания» ойыншыларын «нерадзурралар» жеңіп кетті. «Интер» әзірге үздік үштікке мойын созып келеді. «Катания» және «Интер» арасындағы кездесудің қорытынды-нәтижесі 2:3.«Интер» сапынан Альварес пен Паласио ерекше көзге түсті. «Катания» қаншалықты қарсылық көрсеткенімен жолдары болмады. Ойынның үздік футболшысы- Паласио (Интер). «ФИОРЕНТИНА» (Флоренция)- «КЬЕВО» (Верона)2:1 (1:1). Флоренция. «Артемио Франки» алаңы. Төреші:Даниэле Довери (Рим). Голдар:Паскуаль 4 (1:0), Кофи 38 (1:1), Ларрондо 78 (2:1). «ПЕСКАРА»- «УДИНЕЗЕ» (Удине) 0:1 (0:1). Пескара. «Адриатико» алаңы. Төреші:Кармин Руссо (Нола). Гол: Ди Натале 8 (0:1). Ұпайын жиі жоғалтып, кестеде жұтылып бара жатқан «Пескара» өз алаңында удинелік команданың ойыншыларына есе жіберіп алды. Ойында салынған жалғыз голдың авторы Ди Натале. «Удинезе» кестедегі жағдайын жақсартып, ұпайын түгендеп алды. «Пескара» өкінішке орай сол баяғы қауіпті аймақтың тұрақты клубына айналып барады. «САМПДОРИЯ» (Генуя)- «ПАРМА»1:0 (0:0). Генуя. «Луиджи Феррарис» алаңы. Төреші:Паоло Валери (Рим). Гол: Икарди 58 (1:0). «СИЕНА»- «АТАЛАНТА»(Бергамо)0:2 (0:1). Сиена. «Артемио Франки» алаңы. Төреші:Паоло Тальявенто (Терни). Голдар:Бонавентура 3 (0:1), Бонавентура 68 (0:2). «РОМА» (Рим)- «ДЖЕНОА» (Генуя). Рим қаласы. «Олимпико» алаңы.Бас қазы- Андреа Джервасони (Мантуя). Голдар: Тотти, 16- пенальти (1:0). Боррьелло, 42-с пенальти (1:1). Романьоли, 58 (2:1). Перротта, 89 (3:1).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×