Италияның А сериясы. Тірі аңыздың бірінші жеңісі

22.01.2014, 22:52
Италияның А сериясы. Тірі аңыздың бірінші жеңісі
20-шы турдың соңғы матчында, Миланның тірі аңызы Зеедорф команданың жаттықтырушысы ретінде бірінші матчын Веронаға қарсы өткізді. Клубты бұрынғы қалпына келтіре алар-ау деп іздеген адамды алыстан емес, жақыннан тапты, Милан қожайыны Берлусскони.  Зеедорф карьерасындағы көптеген жылын осы россенери сапында өткізген болатын.  Бұл, әрине, бір жағынан нар тәуекел. Голландиялық жаттықтырушы ретінде тым жас, оған қоса тәжірбиесі де жоқ.  Бұл ойын Еуропаны, Манчестер Юнайтед-Челси ойыны сияқты қызықтырмаса да, біраз жанкүйерлердің назарын аудартқаны анық.  Қонақтардың ең маңызды ойыншысы Жоржиньо жақында ғана Наполиге ауысса, ал екінші жастық шағын бастан кешіріп жатқан Лука Тони ойынға қатыса алмайды. Бұл фактор, әрине, Милан пайдасына. Ойын Милан басымдылығымен басталса да, бірінші тайм бойы сол басымдылықтан жарытып нәтиже өндіре алмады. Зеедорфтың екінші таймның ортасында, тыңнан қосқан ойыншысы Петанья бапкер үмітін ақтап, нәтижелі ойын өрнегімен көзге түсті. Оның, айып алаңға асырған пасынан кейін Какага қарсы ойын тәртібі бұзылып, төреші  11 метрлікті белгіледі. Пенальтидің орындап, матчтағы жалғыз голдың авторы-Балотелли. Бұл жеңіс-Миланның маусымдағы небәрі алтыншы жеңісі. Зеедорфтың бапкер ретіндегі алғашқы ойыны сәтті шықты. 19 қаңтар. Милан. Стадион "Джузеппе Меацца". Төреші - Мауро Бергонци (Генуя). МИЛАН - ВЕРОНА - 1:0 (0:0) Балотелли, 82-пенальтиден (1:0). Милан Верона Кристиан Аббьяти  Рафаэл  Маттиа Де Шильо  Алехандро Гонсалес, 85  Кристиан Сапата  Вангелис Морас  Даниэле Бонера, 52  Доменико Майетта  Урби Эмануэльсон  Алессандро Агостини  Найджел де Йонг  Ромуло  Риккардо Монтоливо  Эсекиэль Сирильяно, 90  Кейсуке Хонда, 63  Эмиль Халльфредссон  Кака  Хуан Итурбе  Робиньо, 78  Даниэле Качья, 61  Марио Балотелли  Хуан Игнасио Гомес Ойын барысында алаңға шыққандар  Матиас Сильвестре, 52  Рафаэл Мартиньо, 61  Вальтер Бирса, 63  Бошко Янкович, 85  Андреа Петанья, 78  Марко Донадель, 90 Ескертулер Матиас Сильвестре, 72  Доменико Майетта, 90+1  Риккардо Монтоливо, 79   Ювентусты тоқтату мүмкін емес Италияда. Туриндік клуб чемпионаттағы қатарынан он екінші жеңісіне қол жеткізді. Кәрі Синьораның мықтылығын бұл жолы Сампдория мойындады. Антонио Конте шәкірттері Видаль мен Льоренте голынан кейін, сәл босаңсығаны байқалды. Үзіліске дейін қонақтар есепті қысқартып үлгергенімен, сол үзіліске дейін Видаль пенальтиден дубль жасап, есепті тағы еселеді. Екінші таймда Габбьядини есеп қысқартып, Туриннен тең нәтижені еншілеуге командасына үміт отын сыйлағанымен, сол үмітті су сепкендей басты, Погба. Кезекті 3 ұпайына қол жеткізген Ювентусты, осы маусымда да скудеттоның иесі деуге негіз бар секілді.... 18 қаңтар. Турин. Стадион "Ювентус". Төреші - Андреа Джервасони (Мантуя). ЮВЕНТУС - САМПДОРИЯ - 4:2 (3:1) Видаль, 19 (1:0). Льоренте, 24 (2:0). Бардзальи, 38-өз қақпасына (2:1). Видаль, 41-пенальтиден (3:1). Габбьядини, 70 (3:2). Погба, 78 (4:2). Ювентус Сампдория Джанлуиджи Буффон  Жуниор Коста  Джорджио Кьеллини  Васко Реджини  Анджело Огбонна  Даниэле Гасталделло  Андреа Бардзальи  Шкодран Мустафи, 52  Клаудио Маркизио  Лоренцо Де Сильвестри  Квадво Асамоа, 80  Педро Обьянг  Поль Погба  Анджело Паломбо  Артуро Видаль  Павел Вшолек, 70  Стефан Лихтштайнер  Биркир Бьярнасон, 46  Карлос Тевес, 86  Маноло Габбьядини  Фернандо Льоренте, 86  Эдер Ойын барысында алаңға шыққандар  Федерико Пелузо, 80  Ренан, 46  Себастьян Джовинко, 86  Андреа Коста, 52  Фабио Квальярелла, 86  Джанлука Сансоне, 70 Ескертулер  Джорджио Кьеллини, 29  Васко Реджини, 41    Павел Вшолек, 51    Даниэле Гасталделло, 75 Чемпионатта екінші орында келе жатқан Рома, өз алаңында аутсайдерлердің бірі Ливорноны тас-талқан етті. Руди Гарсия шәкірттері ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешкентұғын. 6-шы минутта Дестро есеп ашса, үзіліске дейін он минуттай уақыт қалғанда Строман есепті еселеді. Матч нүктесін екінші таймда Адем Ляич қойды. Осылайша, жауапсыз үш гол тоғытып жеңіске жеткен Рома, сүрінген Наполиден ұпай санын төртеуге ұзартты. 18 қаңтар. Рим. Стадион "Олимпико". Төреші - Кармин Руссо (Нола). РОМА - ЛИВОРНО - 3:0 (2:0) Дестро, 6 (1:0). Стротман, 36 (2:0). Ляйич, 79 (3:0). Рома Ливорно Морган Де Санктис  Франческо Барди  Додо  Леандро Ринаудо  Леандро Кастан  Федерико Чеккерини, 77  Мехди Бенатиа  Кристиано Пиччини  Василис Торосидис  Марко Бенасси, 81  Кевин Стротман  Марко Бьяджанти  Даниэле Де Росси  Жозеф Данкан, 46  Миралем Пьянич, 69  Ибраима Мбайе  Жервиньо, 67  Науэль Валентини  Адем Ляйич  Паулиньо  Маттия Дестро, 79  Леандро Греко Ойын барысында алаңға шыққандар  Алессандро Флоренци, 67  Мигель Борха, 46  Раджа Найнгголан, 69  Алессандро Ламбурги, 77  Франческо Тотти, 79  Джонни Москера, 81 Ескертулер  Леандро Кастан, 82   Италияның А сериясының қалған матчтарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Дженоа-Интер-1:0 Гол: Антонелли 83 Удинезе-Лацио-2:3 Голдар: Ди Натале, 8 пенальтиден(1:0, . Кандрева 62 пенальтиден(1:1). Агеманг-Баду 68(2:1). Лаццари 82 қақпасына(2:2). Эрнанес 90(2:3) Катанья-Фиорентина-0:3 Голдар: Фернандес, 25(0:1). Матри, 28(0:2). Матри, 41(0:3) Болонья-Наполи-2:2 Голдар: Бьянки, 37(1:0). Игуаин, 62 пенальтиден(1:1). Кальехон, 80(1:2). Бьянки, 90+1(2:2) Аталанта-Кальяри-1:0(0:0) Гол: Боневентура, 68(1:0) Кьево-Парма-1:2 Голдар: Палоски, 15(1:0), Кассано, 27(1:1), Лукарелли, 90+4(1:2) Сассуоло-Торино-0:2 Голдар: Иммобиле, 25(0:1). Бриги, 48(0:2) М  Клуб О Ж Т Ж Д-а Ұпай 1  ЮВЕНТУС 20 18 1 1 50-14 55 2  РОМА 20 14 5 1 42-10 47 3  НАПОЛИ 20 13 4 3 43-22 43 4  ФИОРЕНТИНА 20 12 4 4 37-20 40 5  ИНТЕР 20 8 8 4 38-24 32 6  ВЕРОНА 20 10 2 8 34-31 32 7  ТОРИНО 20 7 8 5 33-27 29 8  ПАРМА 20 7 8 5 31-27 29 9  ЛАЦИО 20 7 6 7 26-28 27 10  ДЖЕНОА 20 7 5 8 20-24 26 11  МИЛАН 20 6 7 7 32-30 25 12  АТАЛАНТА 20 7 3 10 21-29 24 13  САМПДОРИЯ 20 5 6 9 24-31 21 14  КАЛЬЯРИ 20 4 9 7 19-29 21 15  УДИНЕЗЕ 20 6 2 12 20-31 20 16  КЬЕВО 20 4 5 11 15-26 17 17  БОЛОНЬЯ 20 3 8 9 19-35 17 18  САССУОЛО 20 4 5 11 21-43 17 19  ЛИВОРНО 20 3 4 13 16-36 13 20  КАТАНИЯ 20 3 4 13 13-37 13   Дайындаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×