Италияның үш клубы Сеск Фабрегастан үмітті

26.01.2017, 02:54
Италияның үш клубы Сеск Фабрегастан үмітті
Испаниялық жартылайқорғаушы Итаияның А сериясында мансабын жалғастыруы мүмкін. Дәлірек айтқанда Әлем және Еуропа чемпионын "Ювентус", "Милан", "Интер" сынды командалар өз қатарында көргісі келеді. Ол үшін 25 миллион еуро төлеуге дайын. Әйткенмен, негізгі құрамнан жиі орын алмаса да, Антонио Конте Фабрегасты командадан жібергісі келіп отырған жоқ. 29 жастағы футболшы "Челси" сапында осы маусымда 13 ойынға қатысыпты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×