Ивайло Петев: «Үш ұпай алу үшін барымызды саламыз»

07.09.2021, 00:35
Боснияның бас бапкері барлық ойыншылардың дайын екенін хабарлады.
Ивайло Петев: «Үш ұпай алу үшін барымызды саламыз»

Босния және Герцеговина құрамасының бас жаттықтырушысы Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді:

- Біз бұл матчқа 100% дайын болуымыз керек. Қазақстан - ұйымшыл және агрессивті команда. Матчтың ұзақтығы - 90 минут, біз шыдамдылық танытып, ақылды болуымыз керек. Мен жігіттердің дайын екеніне сенімдімін және ертең олар жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Әр матч үш ұпайдан тұрады және біз жеңу үшін бәрін жасауымыз керек екенін білеміз. Матч біз үшін маңызды және біз жақсы жұмыс істеп, мақсатымызға жететінімізге сенімдімін. Бүгінгі жаттығудан кейін, кімнің ертеңгі ойынға дайын болатынын көреміз. Барлығы ойнай алады деп үміттенемін, бірақ біз бұл туралы бүгін кешке білетін боламыз.

Мен Қазақстанды бұрыннан білемін. Менің көптеген әріптестерім бар, бұл қиын команда, бірақ біз оңай қарсыластардың жоқ екенін білеміз. Бәрі бізге байланысты, біздің болашағымыз өз қолымызда. Ертең біз үш ұпай алу үшін бар күшімізді саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×