ІЗДЕУ САЛАМЫЗ

23.03.2012, 03:03
ІЗДЕУ САЛАМЫЗ
«Челси» жаңа бапкер іздеуде. Ия, егер Ди Маттео жеңіс жолын жалғастыра берсе де, «ақсүйектер» жаңа бапкер іздестіреді. Абрамович тыным таппайды енді. Оған барлық додаларды жеңетін бапкер керек. Ресейлік олигархқа бірінші кезекте Моуриньоның деңгейіндегі бапкер керек. Сондықтанда үміткерлер тізімінде бірінші болып Жозенің өзі орналасты. Португалдық маманның еңбек парағында «Челси» бөлек орын алады. Себебі, бұл командамен Жозе бүкіл Еуропаға танылды. Лондондық ұжыммен екі мәрте ағылшын біріншілігін жеңді. Бір рет Чемпиондар Лигасының финалына жетті. Жалпы айтқанда Моуриньо Анлгияда өзіне біраз абырой жинады. Сондықтан да егер бапкердің өзі келісіп жатса, Роман Абрамович оны қуана-қуана шақыртатыны сөзсіз. Екінші болып ресейлі бай-патшаның тізімінде Хосеп Гвардиола. Оның каталондық командамен шартнамасы алдағы жазда бітеді. Ал, Хосеп оны ұзарту туралы әлі келісім берген жоқ. Каталондық маман «Челсидің» ауласына сіңісіп кету қиынға соқпайтын шығар. Өйткені Хосеп өзінің бір сөзінде «мен толассыз шабуылдайтын команданы қалаймын» деген болатын. Ал «Челсидің» сапында шаубылда керемет ойнайтын ойыншылар аз емес. Дрогба, Калу, Мата, Лемпард, Малуда, Старридж сынды жігіттер қарсылас команданы қапы қалдырудың нағыз мамандары емеспе? Енді олардың қатарына Торресте қосылып Хосеп бапкер баптайтын болса адуынды команда жасақталып шығуы ықтимал. Дегенмен мұның бәрі әзірше арман ғана. Бірақ, Гвардиола Абрамовичке келісімін берсе жоғарыдағы арман орындалып қалуы ғажап емес. Үшінші болып тізімде Германияның бас бапкері Йохим Лёв тұр.  Былайша қарасаңыз неміс маманы да осал емес. Дей тұрғанмен, Лёв өзінің еңбек парағында біріншілік командаларын аз жаттықтырған екен. Керісінше ұлттық құрамада көп еңбек еткен. Сондықтан да Йохим ұлттық құрамадан бірден ағылшын біріншілігін сіңісіп кету қиынға соғатын шығар. Себебі, жылына бір команда АПЛ-де 55-60 кездесу өткізеді. Ал неміс маманы құрамамен жылына небәрі 15-20 кездесумен шектеліп келеді. Осы режімге шыдаймын десе Роман Абрамович та неміс маманынан кет әрі емес сықылды. Жоғарыда аталған үштіктен басқа «Челси» Бьелса, Клопп, Капелло, Бенитес сынды манадарға көз салып отыр. Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×